Орталық туралы
Археография және деректану ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды. Республикалық мемлекеттік мекеме. Қазақстандағы және шет елдердегі мұрағаттар мен ғылыми мекемелерде, жеке коллекцияларда сақталған ұлттық тарихымызға қатысты тарихи деректер мен құжаттарды іздестіру, зерттеу ісімен айналысады. Орталық Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңды, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені», Орталықтың Жарғысын басшылыққа алады. Орталықтың құрамында деректану, әдістемелік зерттеу және ғылыми басылымдар зертханасы, Алматы қаласындағы археография зертханасы, Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды жинау, зерттеу және мәліметтер жинақтау зертханасы және Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Зертханалардың қызмет бөлісі айқын, өзіндік тұғырнамасы, қызмет ұстанымы бекітілген. Олардың қызметі арқылы Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асып отырады. Зерттеу қызметінің талабына сай құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңес республика көлеміндегі археография, деректану саласындағы зерттеулерді жіті қадағалап, ұсыныс-пікірлер дайындап, Орталықтың зерттеу жұмыстарының сапасын жақсартуды, тарихи деректерді пайдаланудағы ортақ ұстанымның қалыптасуына әсер етуді көздейді. |