Біліктілік жоғарылату курстары
«Мұрағат материалдарымен жұмыс істеуде қазіргі заманғы ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану және оны жетілдіру жолдары» оқу-практикалық семинары. 3-5 желтоқсан 2007 ж.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті, «Археография және деректану ұлттық орталығы» ММ 2007 жылғы 3-5 желтоқсан аралығында «Мұрағат материалдарымен жұмыс істеуде қазіргі заманғы ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында оқу-практикалық семинарын өткізді. Оқу-практикалық семинарды ұйымдастырудағы алға қойылған мақсат мұрағат ісі мен құжаттаудағы мемлекеттік саясатты насихаттау, өзара тәжірибе алмасуды кеңейту, мұрағат құжаттарын сақтау мен оны ғылыми тұрғыдан пайдалану, электронды тасығышқа құжаттарды тиімді енгізу жолдарымен таныстыру, жарияланымдық қызметтің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерімен танысу, сондай-ақ мұрағат қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және Қазақстан жоғары оқу орындарындағы мұрағат мамандарын дайындау мәселелерімен айналысуды көздеген біртұтас кеңістік қалыптастыру болып табылады. Семинарды Археография және деректану ұлттық орталығының директоры Б.Б. Қонысбаева ашты. Семинарда еліміздің мұрағат саласының жетекші мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары дәрістер оқыды. Қазақстанның барлық аймақтарынан 60-қа жуық мұрағат қызметкерлері қатысты. Оқу курсының соңында тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді, сертификаттар тапсырылды. Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды («Историю в свет» // Казахстанская правда. 6 декабря, 2007г.)
3 желтоқсан
4 желтоқсан
5 желтоқсан
«Мұрағат материалдарымен жұмыс істеуде қазіргі заманғы ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану және оны жетілдіру жолдары» республикалық оқу-практикалық семинарының
ҰСЫНЫСЫ
- Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне бірқатар ғылыми мұрағат құжаттарын әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер шығару жоспарына қосу туралы өтініш жасау.
2. Құжаттарды басуға дайындау үшін ғалымдар мен мұрағатшылардан ғылыми ұжым құру арқылы ведомствоаралық ынтымақтастықты ұлғайту. 3. Болашақта шығарылатын басылымның кеңейтілген проспект-жоспары, тақырыптық жоспар негізінде құжаттар жинағын дайындауды іске асыру. 4. Құжаттар жинағын жасау кезеңдерін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді мақсатты деп есептеу. 5. Дайындалып жатқан құжаттық басылымдардың ғылыми-анықтамалық аппаратының толықтығына ерекше көңіл бөлу. 6. Мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың тарихы жөнінде тақырыптық, аннотациялық тізімдемелерді, анықтамалықтарды және басқа да ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді дайындауды тәжірибеге енгізу. |