17 қазан 2008 ж.

2008 ж. 17 қазанда Орталық С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық-техникалық университетінде өткен «Егемендік-елдігім, тәуелсіздік-тұғырым» атты конференция аясында Алаш өкіметінің 90 жылдығына арнап Орталық Мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын құжаттар көрсетілген.