Орталық қызметкерлері Түркияда

Археография және деректану ұлттық орталығының басшысы мен бір топ қызметкерлері 2009 жылдың 12-17 қазан аралығында Анкара қаласында өткен Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі басқармасы (ТИКА) ұйымдастырған бағдарлама бойынша іссапарда болып қайтты. 

Іссапар мақсаты: Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесінің қызметімен танысу, тәжірибе алмасу, қарым-қатынас орнату.

12 қазанда Анкара қаласында Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесінде оқу-танысу семинары басталды. Семинарды Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесінің директоры Юсуф Сарынай мырза ашты. Ю. Сарынай мырза мұрағаттар бас мекемесі туралы толық мәлімет бере отырып, мұрағат жұмысымен таныстырды.

5 күн бойына жеке-жеке тақырыптарға арналған дәрістер өтті. Дәрістермен қатар Орталық қызметкерлері практикалық жұмыстармен де танысты.

 

 

Семинар бағдарламасы:

Күн тәртібі

Бағдарлама

Уақыты

Дәріскерлер

1

12.10.2009 ж.

Мұрағаттың жалпы әкімшілік қызметімен танысу

10:30-12:30

 

2

 

13.10. 2009 ж.

Құжат басқарма қызметі

10:30-12:30

Servet Sarash

Мұрағат құжаттарын сұрыптау

13:30-15:30

3

14.10.2009 ж.

Зерттеу және қызмет көрсету бөлімі

10:30-12:30

Adilla Aidin

Құжаттарды сақтау және реставрация жасау бөлімі

13:30-15:30

4

15.10.2009 г.

Құжаттарды мәліметтер базасына енгізу

10:30-12:30

Mevlüt Kus

5

16.10.2009 г.

Электрондық құжаттарды басқару

10:30-12:30

 

Кітапхана және құжаттар бөлімі

13:30-15:30

 

Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағатының бас мекемесі негізінен Османлы мұрағаты, Мемлекеттік мұрағат және құжаттар орталығынан тұрады.

Османлы мұрағатында Османлы мемлекетінің құрылуынан 1922 жылға дейінгі аралықтағы құжаттар сақталынған. Сақталған және сұрыпталған құжаттар саны бүгінде миллион шамасында. Үш ғасырдай өмір сүрген Османлы мемлекетінің құрамында болған Балкандықтар, Орта Шығыс және Солтүстік Африка жайындағы мәліметтерге бай болғандықтан, Османлы мұрағаты дүниедегі ең қызықты мұрағаттардың бірі болып табылады.

 Мемлекеттік мұрағатта Түрік мемлекетінің мемлекеттік және Ұлттық өміріндегі жаңа сатыға көтерілген тарих, құқық, басқару, саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өміріндегі әр түрлі құжаттар сақтаулы.

Құжаттар орталығында ғылыми маңызды құжаттарды мұрағаттық зерттеулерге ұсыну, құжаттарды халықаралық құжаттық әдістерге сүйене отырып түзету және зерттеушілердің қызметіне ұсыну көзделген. Құжаттар орталығында шамамен 400.000 библиографиялық ақпараттар сақталынған.

Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесі тікелей Үкіметтің басқаруында екен. Ол 1920 жылдан басталған құжаттарды қамтиды. Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаты 3 бөлімнен тұрады: қызметкерлермен жұмыс бөлімі, халықаралық бөлім және құжаттар бөлімі. Қызметкерлермен жұмыс бөлімі мемлекеттік қызметкерлер мен мұрағатшылармен жұмыс жасайды. Жалпы мұрағат мекемесінде 450 адам жұмыс жасайды. Оның 270 қызметкері Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесінде қызмет етеді.

Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағатының халықаралық бөлімі Орта шығыс, Кавказ және Балкан елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Атап айтар болсақ, Мармара университеті, Стамбул университеті, Хаджеттепе университеті, Түркия архивариус ассоциациясы, Түркия кітапханалары ассоциациясымен және т.б. жұмыс жасайды.

Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағатының құжаттар бөлімі құжаттардың сақталу мерзімін, құжаттарды реттеу, олармен бірыңғай стандарт бойынша іс жүргізу, құжаттарды жинастыру бойынша жұмыс жасайды. 

Құжаттарды жинастыру бойынша бұл мұрағат стандарт орталығы ұсынған бірыңғай жүйемен жұмыс жасайды. Бұл стандарт – бір орталыққа бағынған және орталықтандырылған жүйе. Cтандарт жүйесі 2002 жылдан бастап енгізілген. Құжаттарды электрондық түрге енгізу үшін Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесі арнайы бағдарлама жобасын жасаған. Жобаның мақсаты – құжаттарды электрондық түрге енгізе отырып, құжаттардың мерзімін ұзарту, ізденушілердің жұмысын жеңілдету. Бұл жобаны Қырғызстан мен Монғолия мемлекеттерінің мұрағаттарына  орнатып берген. Бұл жобаны жасауда Канада, Англия, Австрия елдерінің стандарттарын қарастырған.

Электрондық каталог 2002 жылдың 18 сәуірінен бастап енгізілген. Осы уақытқа дейін 500 000 ізденуші электрондық каталогпен жұмыс жасаған.

2010 жылы электрондық каталогтан ізденушілер құжаттарды сатып ала алатын мүмкіндікке қол жеткізе алады деп жоспарлануда.

Семинарды қорытындылай келе, Түркия Премьер-министрлігінің мемлекеттік мұрағаттарының бас мекемесінің жұмысы бір орталыққа бағындырылғандығына, мемлекет мұрағаттарының бір стандарт арқылы жұмыс істейтіндігіне, құжаттардың электрондық каталогқа енгізілгендігіне, мұрағат мекемесі жұмысының жүйелі жүргізілетіндігіне куә болдық.

Бүкіл әлемде ақпаратқа қол жеткізушілік алдыңғы орынға шығуда. Қоғам және жеке тұлғалар ақпаратқа ашық та айқын қол жеткізуге ұмтылуда. Бұл жағдайда ғылым және ақпарат кезеңінде мұрағаттарға үлкен қызығушылық туындауда. Заман ағымына сай Премьер-министрліктің мемлекеттік мұрағатының бас мекемесі соңғы технология негізінде мұрағат жұмысын жүргізуде екен. Осыған орай бұл мекемеден үйренетін және алатын тәжірибе мол. Оның ішінде, бір орталыққа бағындырылған электрондық каталог. Бұл каталогтың ерекшелігі – интернет желісі бар жерден ақпарат ала беруге болады және ақпараттың толық нұсқасын, сканерлік нұсқасын алуға болатындығы. Осы бағдарламаны біздің мекемеге де тегін орнатып беруге дайын екендіктерін айтты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді. Орталық директоры мекеме басшысына және дәріскерлерге рахметін айтып, сый-құрмет жасады.

16 қазанда Орталық қызметкерлері Түрік халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі басқармасында (ТИКА) болды. Басқарма президенті іссапарда болғандықтан, оларды президент орынбасары Метин Арсланбас мырза хош көңілмен қарсы алды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы ТИКА-ның қызметін баяндады. Орталық директоры сөз кезегінде осы бағдарламаны ұйымдастырудағы еңбектері үшін ТИКА-ға алғысын айтып, сый-құрметін жасады. 

Екі мемлекеттің мұрағат саласындағы тәжірибе алмасуы Қазақстанның мұрағат саласына және зерттеу ісіне тигізер пайдасы мен маңызы зор болды.