Желтоқсан, 2009 ж.

       2009 жылдың желтоқсан айында «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» материалдар жинағының І шығарылымы баспадан шығарылды. Құрастырушы: Ж. М. Тулибаева.
        Археография және деректану ұлттық орталығының Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығымен бірлесіп шығарған бұл еңбегі — «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» сериялық басылымының І шығарылымы.
        Жинаққа араб, парсы, қытай және түркі тілдеріндегі деректердің орыс тіліне аударылған үзінділері енген және оған түсініктемелер мен ескертпелер берілген. Жинақта Қазақстан және Орта Азия халықтарының саяси тарихы мен мәдени өмірінің терең зерттелмеген тұстарынан жаңа мәліметтер келтірілген.
        Қазақстан және Орта Азия халықтарының саяси тарихы мен мәдени өмірінің терең зерттелмеген тұстарынан жаңа мәліметтер келтірілген.
        Жинақ түркі тілді шығармалардан үзінділер аударудан басталады. «Рисала» («Трактат»), «Рисалаи Идрис пайгамбар» («Трактат о пророке Ирисе») атты шығармалар шағатай тілінде жазылған және онда қазақтардың рухани мәдениеті мен ислам дінінің көшпенділер арасында таралу жолдары туралы құнды мәліметтер келтірілген.
        Ертедегі түркілер тарихын зерттеумен көптеген елдердің ғалымдары айналысуда. Алайда осы уақытқа дейін түркілердің тарихи аренада пайда болуы туралы мәселе әлі-де даулы күйінде қалуда.
       Түркі халықтарының этникалық тарихы туралы қытай деректеріндегі мәліметтердің маңызы аса зор. Қазіргі кездегі зерттелген қытай жазба деректерінен білгеніміз, ертедегі қытайлардың біздің эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдыққа жататын түркі тайпаларымен байланысының болғанықталып отыр.
      ХV-ХVІІ ғғ. парсы тіліндегі деректердегі мәліметтер Орта Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қайта қарауға мүмкіндік бере отырып, мемлекетаралық қатынастар мен дипломатиялық байланыстар туралы құнды мәліметтер береді.
       Кітап шығыстанушылар, тарихшылар, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия тарихы қызықтырушы қауымға арналған.