«Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

       2006 жылдан бастап Археография және деректану ұлттық орталығында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен Қазақстан тарихына қатысты анықталған құжаттар енгізілген «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызмет етеді http://ncai.kz:8091/archapp/faces/login.jsp пользователь: GUEST, пароль: 123). Қазіргі уақытта мәліметтер базасына 33000 құжат енгізілген. «Электронды мұрағат» мәліметтер базасының негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» атты ақпараттық анықтамалықтың 1 және 2 томы баспаға әзірленуде. Анықтамалыққа Ресей империясы сыртқы саясатының мұрағаты (АВПРИ), Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты (ГАРФ), Ресейдің мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағаты (РГАСПИ), Ресейдің мемлекеттік экономика мұрағаты (РГАЭ), Ресейдің мемлекеттік әдебиет және өнер мұрағаты (РГАЛИ) мен Ресей мемлекеттік көне актілер мұрағаттарында (РГАДА) сақталған Қазақстан тарихына қатысты ХVI-ХХ ғасырларды қамтитын құжаттар тізімі енген.