Пайдаланушыларға арналған нұсқаулық
Археография және деректану ұлттық орталығында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетел мұрағаттары мен кітапханаларынан анықталған құжаттардан тұратын «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. ncai.kz сайтының жоғарғы бұрышында «Электрондық каталог» атты таңбаша орналасқан. Таңбашаны басу арқылы оған қол жеткізуге болады.
Қажетті ақпаратты алу үшін тіркелу қажет емес, каталогқа кіру еркін, қолжетімді. Экрандағы Каталог таңбашасын басу жеткілікті. Базадағы жұмыс тілін таңдау үшін каталогтың жоғарғы оң жақ бұрышында Тіл тақтасы орналасқан. Істерді іздеу үшін, Іздеу бөліміне кіру қажет. Іздеу жолына тақырыпты енгізіп Enter басу керек. Табылған материал тізімінен тиісті құжат таңдалады. Каталог бойынша құжаттарды іздеу үшін, Каталог бөлімін таңдау қажет. Экранда елдер тізімі шығады. Қажетті елді таңдау үшін Таңдау белгішесі басылады. Елді таңдаған соң экраннан мұрағаттар тізімі шығады. Бұдан кейін өз таңдауын жүзеге асыру үшін Таңдау белгішесі басылады. Мұрағатта Қорлар сақталады. Таңдау белгішесін басқан соң тізімдемелерге жол ашылады. Тізімдемелер бөлімінде өз таңдауынды жасау үшін Таңдау белгішесін басу қажет. Істер тізімдемелерде сақталады. Оған Таңдау белгішесін басу арқылы қол жеткізуге болады. Істі таңдау кезінде автоматты түрде Файлдар немесе Аудио/Видео ашылады. Файл – ақпарат тасығыштағы атаулы деректер аумағы. Аудио/Видео – бұл медиа форматта сақталған істер, олардың қатарына әндерді, фильмдерді, жазбаларды, бейнетаспаларды жатқызуға болады. Қазір бұл екі бөлім әзірлеу барысында. Кітаптармен, журналдармен немесе газеттермен жұмыс істеу үшін Басылымдар бөлімін таңдау қажет. Кітаптар тізімін қарау үшін Кітаптар тақтасын басу керек. Кітаптарды жылдам табу үшін іздеу жолына негізгі сөздер енгізілуі тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында кітаптың сақталған елін және тілін таңдауға болады (егер ондай ақпарат бар болса). Газеттерді немесе журналдар тізбесін қарау үшін Газеттер мен журналдар тақтасын таңдау қажет. Журналдар мен газеттерді іздеуде уақытты үнемдеу үшін, іздеу жолына журнал не газеттен негізгі сөзді енгізу арқылы, болмаса елді немесе тілді көрсету қажет. Қолжазбалар картотекасымен танысу үшін, Ғылыми материалдар бөліміне өту керек. Автоматты түрде Қолжазбалар, Ғылыми материалдар, мақалалар ашылады.
Материалдарды жылдам іздеу үшін іздеу жолына негізгі сөздер енгізіледі. Уақытты үнемдеу мақсатында материалдың сақталған елі тілі таңдалады (егер ондай ақпарат бар болса).
|