Тіркелу   Забыли пароль?


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ




«МҰРАҒАТ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ: БҮГІНГІСІ МЕН БОЛАШАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

 

 

Астана қаласы                                                              23 ақпан, 2007 ж.

 

 

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитеті

Археография және деректану ұлттық орталығы

 

 

Cеминар ғылыми-ақпараттық және жарияланымдық қызметтің бүгіні мен болашағына бағытталған. Семинарда қазіргі кезеңде мұрағат және ғылыми мекемелердегі ғылыми-ақпараттық, жарияланымдық қызметтің алдағы міндеттері, Қазақстан тарихы бойынша құжаттық мұра және деректік базаның жай-күйі, сақталуы, зерттелуі және жүйеленуі қарастырылды.

Мына мәселелер талқыланды:

  • Мұрағат құжаттары негізінде археографиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру.
  • Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда мұрағат және деректану құжаттарын, дереккөздерді пайдалану.

 

                   Семинарға 50-дан астам мұрағат, мұражай және кітапхана қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Археография және деректану ұлттық орталығы директорының орынбасары Ө.Ж. Бекмағанбетов өз баяндамасында Археография және  деректану ұлттық орталығының өткен жылдардағы атқарған қызметі, алдағы мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарымен таныстырды.

Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Нұрахметов «Итоги и перспективы публикации исторических документов в архивных учреждениях» баяндамасында Қазақстан Республикасындағы жарияланымдар арқылы мұрағат құжаттарын пайдалану ісіне қорытынды жасады. 

Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Ә.Н. Сәрсебинова «Цифровая библиотека по правам человека на базе Национальной Академической библиотеки» атты баяндамасында 2006 жылы Ұлттық академиялық кітапхана базасында адам құқы бойынша Цифрлы кітапхананың ресми шығарылымы енгізілгені туралы хабарлады. Жоба Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы, Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлі бюросы, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Адам құқы бойынша комиссиясымен бірігіп жасалды.

 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС

 

Республикалық ғылыми-практикалық семинардың ашылуы

Төрағасы – Ө.Ж. Бекмағанбетов, Археография және деректану ұлттық орталығы директорының орынбасары

Қатысқандар: 58 адам 

 

 Кіріспе сөз

1. Ө.Ж. Бекмағанбетов, Археография және деректану ұлттық орталығы директорының орынбасары

Баяндамашылар:

2. С.Е. Нұрахметов, Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары – «Итоги и перспективы публикации исторических документов в архивных учреждениях»

3. Ә.Н. Сәрсебинова, Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары – «Цифровая библиотека по правам человека на базе Национальной Академической библиотеки»

4. С.К. Игібаев, т.ғ.д., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры – «Архивные материалы Гуверского института как источники в изучении истории Казахстана»

5. Т.С. Садықов, т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры – «Қазақ зиялыларының тағдыры мұрағат деректерінде»

6. А.Ө.Әбдіразақова, Орталықтың Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу және мәліметтер жинақтау зертханасының бастығы – «Археография және деректану саласында «Электронды мұрағатты» қолдану»

 

Тыңдалды:

1. Археография және деректану ұлттық орталығы директорының орынбасары Ө.Ж. Бекмағанбетов Археография және деректану ұлттық орталығының өткен жылдардағы атқарған қызметі, алдағы мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдары жайында баяндады.

2. Г.Ө. Төлеубаева, Орталықтың ғылыми-баспа бөлімінің бастығы Семинарға қатысушыларды Ұлттық орталықтың қызметімен: мақсаты, міндеттері, басшылығы, құрылымдық бөлімшелері, баспа ісімен таныстырды (кино-слайд).  

Жарыссөз:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы А.С. Мұсағалиева: - Орталық қандай басылымдар жариялады?

- Алматыдағы археография зертханасында бес тарих ғылымының кандидаты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарихнама және деректану кафедрасымен бірігіп, тарих ғылымының докторы Қамбар Атабаевтың жетекшілігімен археография және деректану бойынша әдебиеттер шығаруды жоспарлап отыр.

Тыңдалды:

3.  Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Нұрахметов – «Итоги и перспективы публикации исторических документов в архивных учреждениях». Баяндамада Қазақстан Республикасындағы жарияланымдар арқылы мұрағат құжаттарын пайдалану ісіне қорытынды жасалды. 

Жарыссөз:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы А. Ибраева: - «Мәдени мұра» бағдарламасының нәтижесі қандай?

- «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көп істер атқарылды. Оның нәтижелерінің бірі – Археография және деректану ұлттық орталығының ашылуы. Ресей және басқа да шет мемлекеттерден Қазақстан тарихы бойынша материалдар жиналды. 2007 жылдың ақпан айындағы «Мәдени мұра» сессиясында 2 жылда атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.

 Тыңдалды:

4. Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Ә.Н. Сәрсебинова – «Цифровая библиотека по правам человека на базе Национальной Академической библиотеки». Баяндамада 2006 жылы Ұлттық академиялық кітапхана базасында адам құқы бойынша Цифрлы кітапхананың ресми шығарылымы енгізілді. Жоба Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы, Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлі бюросы, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Адам құқы бойынша комиссиясымен бірігіп жасалды.

Жарыссөз:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Т.Садықов: -Ұлттық академиялық кітапхана Алматыдағы Ұлттық кітапханамен байланыс жасай ма? Алматыдан қажетті әдебиеттер алуға мүмкіндік бар ма?

-  Ұлттық академиялық кітапхана Алматыдағы Ұлттық кітапханамен ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясы кітапханаларымен де тығыз байланыста. Алдымен каталогты қараймыз, қажетті әдебиетке тапсырыс береміз. Сонан соң олар фрагментті немесе кітаптың тарауын цифрлайды да, белгілі бір бағамен бізге ұсынады.

Тыңдалды:

5. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. С.К. Игібаев – «Архивные материалы Гуверского института как источники в изучении истории Казахстана». Баяндамада Гувер институтынан анықталған Қазақстан тарихы үшін тарихи құндылығы бар маңызды деректер беріледі.

6.  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, т.ғ.д. Т.Садықов – «Қазақ зиялыларының тағдыры мұрағат деректерінде».

7. Орталықтың Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу зертханасының бастығы А.Ө.Әбдіразақова – «Археография және деректану саласында «Электронды мұрағатты» қолдану». Баяндамашы семинарға қатысушыларды Қазақстан тарихы бойынша шетелдерден алынған құжаттардың мәліметтер базасын жасауға арналған «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен таныстырды.

 

СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІС

 

Төрағасы – Т.С. Садықов, т.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі

Хатшысы – Л.Ә. Әбдірәсілова, Орталықтың деректану және әдістемелік зерттеу зертханасының бастығы

Қатысқандар: 47 адам

 

Мынадай мәселелер талқыланды:

 

  1. Мұрағат құжаттары негізінде археографиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру
  2. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда мұрағат және деректану құжаттарын, дереккөздерді пайдалану 

 

Секция мәжілісінде  төмендегі баяндамалар тыңдалды:

1. Г.К. Бүркітбай, филолог. ғыл. канд., доцент ҚР МОМ Қазақстан тарихын зерттеу орталығының жетекшісі – Археографиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға мұрағаттық терминологияның әсері

 Сұрақ: А.Ғ. Ибраева, т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы – Мұрағат ісіне арналған қалыптасқан терминдер сөздігі бар ма?

Жауап: «Тарих-История», «Мұрағат ісі–Архивное дело» сияқты терминдер сөздігі бар. Бірақ оларды Мемтерминком бекіткенімен, қалыптасқан деп айта алмаймын.

2. Г.И. Ақтөреева, Қызылорда Облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры – Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда мұрағат құжаттарын, деректерді пайдалану

3. Т.У. Тусунбаева, зав. отд. ЦДНИ Восточно-Казахстанской области Использование документов по истории Семипалатинского Прииртышья выявленных в архивах Российской Федерации

4. И.В. Дурново, архивист Гос.архива Восточно-Казахстанской области – Никандр Александрович Петровский – составитель словаря русских личных имен

5. А.Ғ. Ибраева, т.ғ.к., доцент Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы – 1917-21 жылдардағы музейлік коллекцияларды сақтау мәселелері мұрағат деректерінде

6. М.К. Кукеева, к.и.н. препод. Южно-Каз. Гос. унив. им. М.Ауезова – Деятельность Южно-Казахстанского областного государственного архива в помощь научно-исследовательской работе

7. А.С. Мұсағалиева, т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы – Деректанудың теориялық мәселелері

Сұрақ: Л.Ә. Әдірәсілова, Орталықтың деректану және әдістемелік зерттеу зертханасының бастығы – Деректанудың Қазақстанда кенже қалуына не себеп деп ойлайсыз және осы проблеманы шешудегі ұсынысыңыз?

Жауап: Ұлттық деректерімізді танып, зерттеу ісіне кешегі Кеңес өкіметінің құйтұрқы саясаты кедергі болса, бір жағынан, қазағымның басынан кешкен небір зобалаңдары себеп. Ұлт болашағы үшін аса маңызды сала болып отырған деректану саласын жетілдіру үшін мамандар даярлау мәселесін бірінші кезекке қою керек.

8. С.З. Маликова, директор Северо-Казахстанского Гос. архива – Экономические предпосылки и методы освоения целинных и залежных земель Казахстана

9. С.И. Ковальская, к.и.н., доцент Евразийского Национального университета им. Л.Н. Гумилева – Архивные источники СССР, России и Казахстана в трудах зарубежных исследователей

10. Л.В. Михеева, начальник отдела Карагандинского Гос. архива – Из опыта публикационной деятельности Государственного архива Карагандинской области

11. А.К. Рахимбекова, препод. Евразийского Национального университета им. Л.Н. Гумилева – Роль источников в исследовании трансформации казахского общества вторая половина ХІХ – начало ХХ века

12. А.Т. Гиляжева, начальник отд. Гос. архива Западно-Казахстанской области – Использование архивных и источниковедческих материалов, первоисточников в организации научно-исследовательской деятельности

13. Т.Т. Аршабеков, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің оқытушысы – Мұрағат құжаттарындағы Ұлытау өңірінің ХІ ғасырдағы тарихи тұлғалары 

14. Р. Хазретәліқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті – Қазіргі заманғы археография ғылымын дамытудың міндеттері  (баяндамалар мәтіні қоса беріліп отыр).

Сұрақ: Б.К. Орманова, Қостанай облысы Мем. мұрағатының бөлім бастығы – Осы семинарда Қ. Атабаев сияқты деректану саласындағы ірі ғалымдармен кездесіп, пікірлессек деп едік, келмегені өкінішті-ақ?!

Жауап: Мен Қамбар Атабаевтың студентімін. Ол кісі белгілі себептермен келе алмайтындығын айтып, өкініш білдірді. Дегенмен болашақта Орталық арқылы сіздермен тығыз байланыс орнататындығына сенімді.

 

Жарыссөзге қатысқандар:

1. Г.Н. Кенжеболатова, Астана қаласы Мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары – Біздің осы семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп отырған мұрағат мекемелері және ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатқымыз келеді. Сондықтан Астанаға келгенде бізге соға кетіңіздер, есігіміз сіздерге әрқашан ашық.    

2. А.Ғ. Ибраева, т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы – Ғылыми пәннің дамуы ғылым тілінің – терминдерінің қалыптасуымен байланысты болмақ. Кеңестер Одағында 1974 жылы-ақ мұрағатқа байланысты сөздік шығару ісі басталған. Ал тәуелсіздігімізге 15 жыл толып отырған біздің елімізде бұл бағыттағы терминологияны ана тілімізде қолдану мәселесі әлі күнге дейін толық жолға қойылмаған. Аталған сала терминдерін бір ізге келтіру уақыты жетті деп есептейміз.

3. Л.Ә. Әдірәсілова, Орталықтың деректану және әдістемелік зерттеу зертханасының бастығы – Кеңес дәуіріндегі деректеріміз әкімшіл-әміршіл жүйеге байланысты ғылыми айналымға түспеген. Еліміздің тәуелсіздік алуы, ұлттық мүдденің жоғары қойылуы, ұлттық рухтың өсуі Қазақстан тарихына байланысты деректерді зерттеуге мол мүмкіндік туғызып отыр. 

4. Т.Т. Аршабеков, Қарағанды Мемлекеттік университетінің оқытушысы – Тарих мамандығы бойынша даярланатын студенттердің білім сапасын көтеру үшін, ең алдымен, олардың теориялық-методологиялық дайындығын күшейту керек. Ол үшін, әрине, жоғары оқу орындарында деректану пәніне бөлінетін сағаттарды көбейтіп, сонымен қатар деректану саласы бойынша арнайы курстар енгізу мәселесін шешу қажеттілігі туындайды.

5. Р. Хазретәліқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті – Қыр-сыры көп археография ғылымын дамыту міндеттерін тек археографияны жан-жақты меңгерген мамандар ғана шеше алады. «2001-2005 жылдары мұрағат ісін жетілдіру бағдарламасында» мұрағатшы мамандармен бірге археограф мамандарды арнайы жоғары оқу орындарында даярлау жоспарланып және бұл шараны іске асыру жауапкершілігі Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару комитетіне жүктелген. Бірақ, өкінішке орай бұл шара тек қағаз жүзінде қалып, оның орындалуы іске аспады. Археограф мамандар тұрмақ, қарапайым мұрағатшыларды даярлау да іске аспай тұр.   

 

«Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгінгісі мен болашағы» республикалық ғылыми-практикалық семинарының

ҰСЫНЫСЫ

 

1. Шетелдегі және Қазақстандағы кәсіптес мекемелермен (мұрағат, ғылым мекемелерімен) кәсіптік байланыстар орнатып, оларда сақталған материалдарды бір орталыққа топтастырып, зерттеу объектісіне айналдыру керек.

2. Археография саласы бойынша теориялық зерттеулерді күшейтіп, әдістемелік құралдар, библиографиялық көрсеткіштер дайындау қажет.

3. Деректанудың теориялық және методологиялық мәселелеріне қатысты әдістемелік құралдар мен нұсқаулар жазылуы тиіс.

4. Жалпы оқырман қауымның мұрағат мекемелері жарияланымдарын пайдалану мүмкіндігін Ұлттық орталық арқылы жүзеге асыру қажет.

5. Еліміздегі мұрағат саласында мамандар жетіспейді. Отандық археография мен деректануды жетілдіруде мұрағатшы, археограф мамандарын даярлау мәселесін көтеру керек.

6. Мұрағат мекемелері мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын жүргізуге мүмкіндік жасауға Ұлттық орталық жетекшілік етуі қажет.

Авторлар мен мақалалардың тізімі

Қонысбаева Б.Б. Ұлттық талғам таразысы
Бердигалиева Р.А. Цифровая библиотека по правам человека на базе Национальной академической библиотеки РК
Арын Е., Кадысова Р. Вечные ценности великой степи
Игибаев С. Архивные материалы Гуверского института как источники в изучении истории Казахстана
Болтина В.Д. Архивы и исторические исследования: документальные публикации павлодарских архивистов
Әбдіразақова А.Ө. Ғабит Мүсіреповтың қазақ халқының шығу тегі жайлы зерттеулері
Әбдібекова Г.О. Ресей Федерациясы мұрағат мекемелеріне жасалған ғылыми-зерттеу экспедициялар есебіне шолу
Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А. Мұрағат құжаттарындағы Ұлытау өңірінің ХІ ғ. тарихи тұлғалары
Алпиярова Ж.Е. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағат негізінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда мұрағат және деректану құжаттарын, дереккөздерін пайдалану
Ауесбаева П.Т. Музейлік деректану және қолжазба орталығы жүргізген археогрфиялық іс сапарлары: мақсаты, міндеті, нәтижесі
Дюсенова Н.К., Джасыбаева Е.А. Значение архивных материалов в изучении музейного дело Казахстана
Дурново И.В. Никандр Александрович Петровский, составитель словаря русских личных имен
Жұмабеков Ж.А. Мұрағат құжаттарындағы мешіт салу ісі
Кукеева М.К. Деятельность Южно-Казахстанского областного государственного архива в помощь научно-исследовательской работе
Михеева Л.В. Из опыта публикационной деятельности Государственного архива Карагандинской области
Тасилова Н.А. «Материалы по киргизскому землепользованию» дерегінің формасы мен мазмұнын талдау
Тусунбаева Т.У. Использование документов по истории Семипалатинского Прииртышья выявленных в архивных учреждениях Российской Федерации
Хазретәліқызы Р. Қазіргі заманғы археография ғылымын дамытудың міндеттері
Садыков Т. Политика тоталитарного государства в отношении творческой интеллигенции Казахстана (по данным Архива Президента Республики Казахстан)
Акжасарова А. Архивные материалы об Ильясе Джансугурове
Акашева С.С. Библиография в системе гуманитарных исследований
Ақтөреева Г.И. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда мұрағат құжаттарын, деректерді пайдалану
Әбдіразақова А.Ө. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Оңтүстік өңірде мамандар дайындау және ұлттық интеллигенцияның тағдыры
Гиляжева А.Т. Использование архивных и источниковедческих материалов, первоисточников в организации научно-исследовательской деятельности
Ибраева А.Ғ. 1917-21 жылдардағы музейлік коллекцияларды сақтау мәселелері мұрағат деректерінде
Ковальская С.И. Архивные источники СССР, России и Казахстана в трудах зарубежных исследователей
Қабдоллаева Р.С. Тарихи романдағы мұрағат материалдарының алатын орны
Коломейцева О. Реклама как исторический источник по деятельности частных фирм
Маликова С.З. Экономические предпосылки и методы освоения целинных и залежных земель Казахстана
Мұсағалиева А.С. Деректанудың теориялық мәселелері
Мухамеджанова С.Ш. Источники по истории реформирования Центральных государственных учреждений Казахстана (1946-1985 гг.)
Мусаева С.Т. Использование архивных документов в формировании исторического сознания студенчество
Сизов С. Архивы и интернет: современное положение
Рахимбекова А.К. Роль источников в исследовании трансформации казахского общества (вторая половина ХІХ - начало ХХ века)
Рифель Л.П. Личные фонды как источники изучения культурного наследия
Шалгынбай Ж.Ж. Роль архивов в формировании источниковой базы изучение истории казахского книгоиздания ХІХ-начала ХХ в
Абдулина А. Итоги и перспективы публикации исторических документов в архивных учреждениях Республики Казахстан
Даутова С.С. «Таранчинское» наследие Н.Н. Пантусова в Центральном Государственном архиве Республики Казахстан
Бекболатова А.А. «Киргизский вопрос в Туркестане»
Балтабаева А.М. Сотрудничество архива и вуза – определяющий фактор развития современного образования
Бүркітбай Г. Археографиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға мұрағаттық терминологияның әсері