Тіркелу   Забыли пароль?


Жобалар




Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах.  V том. Ақпараттық анықтамалық.

2012 жылы «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының V томы баспаға дайындалуда.

Анықтамалықтың V томына Ресейдің Томск және Омбы облыстарының мемлекеттік мұрағаттары қорларынан анықталған XVIII – ХХ ғасырларға жататын 4 мыңға жуық істер енгізілмек.

Анықтамалық кәсіби тарихшылар, археограф, деректанушылар, аспиранттар мен ізденушілерге арналған.

 

Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах.  VІ том. Ақпараттық анықтамалық.

2012 жылы «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының VІ томын баспадан шығару жоспарланған.

Анықтамалықтың негізін Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағаты (Красноярск қ.), Ресей мемлекеттік фоноқұжаттар мұрағаты (Мәскеу қ.), Мемтелерадиоқоры (Мәскеу қ.), Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатынан, Татарстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Алтай өңірі Мемлекеттік мұрағаты, Челябинск, Свердловск (Екатеринбург қ.), Тюмен, Новосибирск, Астрахан облыстарының мемлекеттік мұрағаттары және Тобыл қаласының Мемлекеттік мұрағаты, Санкт-Петербор қаласының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты мен Кинофотоқұжаттар орталық мемлекеттік мұрағатынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі орталық мұрағаты қорларында анықталған және алынған XVIII-ХХ ғасырларға жататын құжаттардың (көшірмелері) тізімі құрайды.

Анықтамалық кәсіби тарихшылар, археограф, деректанушылар, аспиранттар мен ізденушілерге арналған.

 

«История Казахстана ХVIII–ХХ вв. в документах и материалах». Альманах. Вып. 2.

2012 жылы «История Казахстана ХVIII–ХХ вв. в документах и материалах» альманахының 2 шығарылымы баспадан шығарылады.

Альманахтың 2 шығарылымында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттік мұрағаттар қорынан аз зерттелген, тіпті мүлдем зерттелмеген ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты материалдар: Шыңғыс Уәлиханов және Ахмет Жантөрин сұлтандардың қазақ халқының әдет-ғұрыптары, қазақ балаларының ойындары, ермектері және ойыншықтары туралы,  Қазақ даласындағы мұсылман мектептері туралы жазбалары, Н.П. Остроумовтың Сырдария облысы әскери губернаторы және «Киргизы и кара-киргизы Сырдарьинской области» атты іргелі еңбектің авторы Н.И. Гродеков туралы естеліктері, Қазақстан жазушыларының 1-съезі мәжілісінің стенограммасы жарияланады.

Альманах ғылыми басылым болып табылады және ғалым-тарихшыларға, оқытушыларға, аспиранттарға, студенттерге, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

 

«Записки, отчеты и обзоры русских и иностранных путешественников о Казахской степи в ХVIII–ХIХ вв.».  Құжаттар жинағы.

2012 жылы «Записки, отчеты и обзоры русских и иностранных путешественников о Казахской степи в ХVIII–ХIХ вв.» құжаттар жинағын баспадан шығару жоспарлануда.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы тарихқа қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық білімнің қоры болып ірі географиялық жаңалықтар мен кешенді экспедициялар дәуірі ретінде енді. Дегенмен бұл экспедициялар мен жекелеген зерттеушілер еңбектерінің нәтижелерінің бәрі бірдей жарияланбады және қоғамдық қауымдастықтың игілігі болмады. Олардың көптеген кешені әр түрлі мұрағат қоймаларында қалып қойды, және де кәсіби тарихшылардың көпшілігі аталған құжаттар туралы білмейді де.

Жинақта Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты (Санкт-Петербер қ.), Ресей Ғылым академиясы мұрағатының Санкт-Петербор филиалы, Ресей империясының сыртқы істер саясаты мұрағаты, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты (Мәскеу қ.), Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларында анықталған Христофор Барданестың, Бланкенагелдің, Г.Ф. Генстің, И.А. Бардашевтің, Нифантьевтің, Лещевтің, көпес Жарковтың және басқалардың жарияланбаған қазақ даласының тұрғындары мен табиғаты туралы экспедиция материалдарын және жол естеліктерін жариялау жоспарлануда.

 

Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах. VІІ том. Ақпараттық анықтамалық.

2013 жылы «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының VІІ томын баспадан шығару жоспарланған.

 «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының VІІ томын Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Ташкент облысы мен Ташкент қаласының мемлекеттік мұрағаттары қорларынан анықталған XIХ-XX ғасырларға жататын 7 мыңға жуық құжаттар құрайды. Анықтамалықта Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезге дейінгі және Түркістан Республикасын жариялау туралы, қазақ зиялыларының Түркістандағы өмірі мен қызметі туралы құжаттар енгізілмек.

Анықтамалық кәсіби тарихшылар, археограф, деректанушылар, аспиранттар мен ізденушілерге арналған.

 

Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах. VІІІ том. Ақпараттық анықтамалық.

2013 жылы «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының VІІІ томын баспадан шығару жоспарланған.

«Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының VІІІ томынының негізін XVI-XX ғасырларға жататын Армения, Грузия, және Венгрия, Ұлыбритании, Германия, Египет Араб Республикасы, Италия, Испания, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдері мұрағаттарының қорларынан анықталған және сатып алынған құжаттар (көшірмелері) құрайды.

Анықтамалық кәсіби тарихшылар, археограф, деректанушылар, аспиранттар мен ізденушілерге арналған.

 

«История Казахстана ХVIII–ХХ вв. в документах и материалах». Альманах. Вып. 3.

2013 жылы «История Казахстана ХVIII–ХХ вв. в документах и материалах» альманахының 3 шығарылымы баспадан шығарылады.

Альманах Қазақстан тарихына қатысты әр түрлі жанрдағы және әр түрлі уақыттағы тарихи деректерді жариялауға арналған арнайы басылым болып табылады. Альманахтың міндеті – тарихи білімді насихаттау ғана емес, сонымен қатар жарияланымдарды дайындауда авторларды көптеп тарту, олардың археографиялық мәдениетін арттыру.

3-шығарылымда орыс шекара әкімшілігі қайраткерлерінің XVIII ғасырдағы қазақтың дәстүрлі зиялыларының өкілдері - Әбілхайыр, Абылай хандармен, Жәнібек батыр және басқаларымен кездесулерінің хаттамалық сипаттағы журналдарын; Кіші жүздің хан тағына Нұралы сұлтанның әрекеті және Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің1849 жылғы сұлтандармен және старшындармен келіссөздерінің журналын; XIX ғ. қазақтар туралы (Г.Ф. Генс) этнографиялық жазбаларды; А.И. Левшиннің 1849 ж. этнографиялық жазбасына тілмәш Фроловтың қосымшасын; 1870 ж. Торғай облысы қазақтарының көтерілісі туралы Н. Середаның жазбаларын; XIX ғ. қазақ ақындары – Жаяу Мұса Байжанұлы мен Естай Беркімбайұлының өмірі мен қызметтері туралы; Оңтүстік Қазақстанда айдауда болған эсерлер партиясы Орталық комитетінің бұрынғы мүшесі М.И. Веденяпина-Штегеманның және басқалардың күнделіктерін жариялау жоспарланып отыр.

 

«Трагедия казахского аула (1926-1933 гг.)». Құжаттар жинағы.

2013 жылы «Трагедия казахского аула (1926-1933 гг.)» құжаттар мен материалдар жинағының 1 томын жарыққа шығару жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқының ашаршылықпен байланысты қайғылы оқиғасын зерттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында (Мемлекеттік хатшының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіндегі 2012 жылдың 26 сәуірінде өткен мәжілістің  хаттамалық шешімі) ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңы мен 30 жылдардың басындағы Қазақстанда жүргізілген бай-феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу, ауылшаруашылығын ұжымдастыру және ашаршылық тақырыбына арналған «Трагедия казахского аула. (1926-1933 гг.)» атты 3 томдық құжаттар мен материалдар жинағының 1 томы баспаға дайындалуда.

 «Трагедия казахского аула (1926-1933 гг.)» сериясының 1 томына 1928-1929 жж. аралығындағы көрсетілген кезеңдегі көшпелі қазақ ауылының қалыптасқан тұрмысының күйреуін айғақтайтын құжаттар енгізілмек.

Жинақ 3 бөлімнен тұрады:

1 бөлім. Общие сведения о положении КАССР.

2 бөлім. Экономические и политические кампании 1928 г. Состояние регионов.

3 бөлім. Конфискация.

Жинақта республикада жүргізілген солақай саясаттың айқын көрінісін бейнелейтін Қазақ автономиясы бойынша ОГПУ өкілеттігі өкілінің құпиясыздандырылған құжаттары (шолулар, мәліметтер, арнайы мәлімдемелер) кең көлемде тұңғыш рет жарияланбақшы.

Жинақты дайындауда ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларының құжаттары пайдаланылды.

Жинақтың тиімділігі сол құжаттық ақпарат зерттеушілерге ашаршылық көрінісін айқын сипаттауға мүмкіндік береді. Жинақ кәсіби тарихшылардың, археографтардың, сондай-ақ тақырыбына қатысты көпшілік оқырманның практикалық қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.