Тіркелу   Забыли пароль?


Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу, жинау және мәліметтер жинақтау бөлімі




Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу, жинау және мәліметтер базасын жүргізу бөлімінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын Қазақстан тарихы бойынша архивтерден, ғылыми мекемелерден және шетел кітапханаларынан анықталып, сатып алу арқылы құнды құжаттармен және қолжазбалармен толықтыру; автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізу, деректерді жүйелеу, жіктеу және оларды жариялау.

Археография және деректану ұлттық орталығында   2006 жылдан бастап «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында шет елдердің  архивтерінен, кітапханалары мен ғылыми мекемелерінен анықталған құжаттарды қамтитын «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды.

Мұрағатшылар мен ғалымдардың өзара байланысы мен ынтымақтастығының нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық архив  қоры Армения, Ресей, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Беларусь, Египет, Үндістан, Испания, Италия, Қытай,Қырғызстан, Польша, Түркия,Финляндия , Франция, АҚШ, Өзбекстанның  мемлекеттік архивтерінен, ғылыми мекемелерінен, мұражайлар мен кітапханаларынан анықталған және сатып алынған раритеттік құжаттық деректермен айтарлықтай толықты.

Қазіргі таңда Ұлттық орталықтың мәліметтер базасына жиырма сегіз шет мемлекеттің 123 архив мекемесінен XVI-XX ғасырлар аралығын қамтитын 46 053   құжаттардың атауы (тізімі)  енгізілген.

«Электронды каталог» мәліметтер базасының негізінде Ұлттық орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» атты көптомдық ақпараттық анықтамалықтың 8 томы дайындалып, баспадан  шығарылды.

Анықтамалық - шет мемлекеттері  архивтері негізінде, орны көрсетіле отырып, сақталған құжаттардың тізбесін білдіреді.

Ақпараттық анықтамалықтың І томы Ресей мемлекеттік көне актілер архиві ( РМКАА), Ресей империясының сыртқы саясаты архиві(РИССА), Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрлігінің, Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві (РФМА), Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архиві(РМӘСТА), Ресей мемлекеттік экономика архиві  қорларынан анықталған және сатып алынған  құжаттар негізінің тізбесін құрайды.

 

Анықтамалықтың ІІ томы Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архиві (РМӘТА), Ресей мемлекеттік әскери архиві (РМӘА), Ресей мемлекеттік әдебиет және өнер архиві (РМӘӨА), Мәскеу облысының Орталық мемлекеттік  архиві қорларынан   анықталған және сатып алынған,  XVI-XX ғғ. кезеңін  қамтитын құжаттар негізінің тізбесін құрайды.

«Қазақстан Тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық  анықтамалығының  ІІІ томында ХІХ-ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихы бойынша  құжаттарды қамтитын,  Ресей мемлекеттік тарихи архиві (Санкт-Петербор қ.) қорынан  6 мыңға жуық істің тізбесі жарияланды.

Ақпараттық анықтамалықтың ІV томында (1-2 Б) Қазақстан тарихының ХVІІІ -  ХХ ғғ.  бірінші жартысын қамтитын құжаттарын, Орынбор облысының Мемлекеттік  архив  қорынан әкелінген 9 мыңнан астам істің тізбесі ұсынылды.   

Анықтамалықтың V томында Қазақстанның Ресей мен Қытай, сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хива хандықтарымен экономикалық-дипломатиялық қарым-қатынасын қамтитын

Ресей Федерациясының Омбы және Томск облыстарының мемлекеттік архивтерінде сақталған 4 мыңға жуық құжаттар тізімін қамтиды.Сонымен қатар Абылай хан, Құлсары батыр, Кенесары Қасымов, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин сияқты әр кезеңнің мемлекеттік қайраткерлері туралы құжаттар тізбесі бар.

VІ томның негізін Ресей Федерациясының архивтік қорларынан анықталған және сатып алынған XVIII-XX ғғ. құжаттардың (көшірмелері) төмендегідей тізбесін құрайды: Ресей кинофотоқұжаттар мемлекеттік архиві (Красногорск қ.), Ресей фоноқұжаттар мемлекеттік архиві(Мәскеу қ.), Мемлекеттік телерадиоқоры (Мәскеу қ.), Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи архиві, Татарстан Республикасының Ұлттық архиві, Алтай өлкесінің мемлекеттік архиві, Астрахан, Новосибирск, Түмен, Свердловск (Екатеринбург қ.), Челябі облыстарының мемлекеттік  архивтері, Тобол қаласы мемлекеттік  архиві, Санкт-Петербор кинофотоқұжаттар Орталық мемлекеттік  архиві, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық  архиві.

VІ томдағы бұл құжаттар тізбесі Қазақстан тарихын зерттеу үшін аса маңызды, онда қазақ халқының біртуар ұлдарының өмірі мен қызметтері баяндалады. Атап айтқанда, Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи архивінен – халық ақыны және ағартушы Мағжан Жұмабаевты айыптау жөніндегі құжаттар; Челябі облысының Біріккен мемлекеттік архивінен  кеңестік арнайы органдардың Әлихан Бөкейхановтың қызметі туралы хабарламалары, Мұстафа Шоқай төрағалық еткен өкіметтің, сондай-ақ Түркістанда құрылған ұлттық өкіметтің құжаттар тізбесі бар.

Ақпараттық анықтамалықтың VII томында (І, ІІ бөлімдері) Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Ташкент облыстық және қалалық архив қорларынан ХІХ-ХХ ғғ. қатысты 7 мыңға жуық құжаттар беріліп отыр. Сондай-ақ Түркістан генерал-губернаторлығының құрылу кезеңіне қатысты, Түркістан Республикасының жарияланғаны жайлы, Түркістандағы қазақ ұлты зиялыларының өмірі мен қайраткерлігіне қатысты құжаттар да бар.

«Қазақстан тарихы шетел мұрағаттары мен кітапханаларында» ақпараттық анықтамалығының VІІІ томынының негізін XVI-XX ғғ. жататын Армения, Грузия, және Венгрия, Ұлыбритании, Германия, Египет Араб Республикасы, Италия, Испания, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдері архивтерінің қорларынан анықталған және сатып алынған құжаттар (көшірмелері) тізімін құрайды.

Бөлім мамандарымен  Насроллы Мубашир ат-Таразидің  Мысырдан әкелінген аударма материалдары бойынша тізбесі жасалды. Нәтижесінде «Насролла Мубашшир ат-Таразидің жеке мұрағаты» атты танымдық анықтамалығы  шықты.

Сондай-ақ академик Ғабит Мүсірепов және мұрағат» атты жинақ дайындалып, баспадан шығарылды.

Бөлімде «Ғабит Мүсірепов және мұрағат» жинағы әзірленіп, шығарылды.  Жинақта  жазушы Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына қатысты архив  құжаттары  ұсынылды.