Тіркелу   Забыли пароль?


Деректану, әдістемелік зерттеу және ғылыми басылымдар бөлімі




Деректану, әдістемелік зерттеу және ғылыми басылымдар бөлімінің   мақсаты деректану саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметін дамыту, деректану жөнінде теориялық, ғылыми әдістемеліктер әзірлеу болып табылады.

 

Қазіргі таңда  бөлім қызметкерлері төмендегідей еңбектерді дайындап, баспадан шығарды:

  • «Рукописи по истории Казахстана XII-XVI вв. В собрании Института востоковедения АН РУз» Книга І. ғылыми-әдістемелік құралы.

Ғылыми-әдістемелік құралда Өзбекстан Республикасының ҒА Әбу-Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталуы XIII-XVI ғасырлардағы парсы тіліндегі тарихи шығармаларға түсініктеме беріледі. Қолжазбада қазақтардың тарихы мен мәдениеті жайлы құнды мәліметтер берілген.

  • «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии XIII-XVI вв.» жинағы.

Бұл жинаққа XIII-XVI ғғ. Орта Азиядағы мемлекеттердің саясаты мен дипломатиясы, өзара бір-бірімен, басқа мемлекеттермен және халықтармен қарым-қатынасы жайлы мәліметтерді қамтиды.

 

 

  • «Трактат о Сайраме» ғылыми басылымы.

Шағатай тілінен аударылған шығарма. XVII-XVIII ғғ. «Трактат о святых Мадинат ал-Байда и Испиджаба» деген шартты атпен белгілі болған, қала тарихына арналған, үш бөлімнен тұратын шығарма. Бірінші бөлім қаланың ерте замандағы тарихына арналған. Екінші бөлімде қаланың әйгілі әулиелерінің жерленуі сипатталады. Үшінші бөлім өлеңмен жазылған және Сайрам қаласының аңызға лайық тарихын мадақтауға арналған.

  • «Көне мәдениеттің жазба ескерткіштері» ғылыми басылымы.

 Қытай тарихнамаларында сақталған, шағатай тілінде жазылған жазба жәдігерліктер және ауыз әдебиет үлгілері сияқты қазақ мәдениетінің сирек кездесетін жазба ескерткіштеріне деректанулық талдау жасалады.

«Архивоведение» әдістемелік оқу құралы.

Оқу құралында Қазақстанда архив  ісін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылған. Архивтерді  жинақтау, құжаттардың құндылығын сараптау, архивтің  ғылыми-анықтамалық аппараты, ҚР Ұлттық архив  қоры құжаттарын сақтау және пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері көтерілген.

«Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии. Выпуск І»  жинағы.

Жинаққа араб, парсы, қытай және түркі тілдеріндегі деректердің орыс тіліне аударылған үзінділері енген және оған түсініктемелер мен ескертпелер берілген. Жинақта Қазақстан және Орта Азия халықтарының саяси тарихы мен мәдени өмірінің аз зерттелген тұстарынан жаңа мәліметтер келтірілген.

«Рукописи по истории Казахстана ХVІІ-ХХ вв. В собрании института востоковедения АН РУз» Книга ІІ. ғылыми-әдістемелік құралы.

Еңбекте Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақтаулы ХVІІ-ХХ ғасырлардағы парсы тіліндегі тарихи шығармаларға ғылыми сипаттама берілген. Еңбекте қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды деректерді қамтитын қолжазбалар қарастырылады. Бұл еңбек «Рукописи по истории Казахстана ХVІІ-ХХ в  собрании Института востоковедения им. Абу Райхана Беруни АН Республики  Узбекистан» І кітаптың жалғасы және құрамдас бөлігі болып табылады.

«ХІІІ-ХVІ ғғ. Қазақстан тарихына қатысты қолжазбалар (Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорынан)» ғылыми-әдістемелік құралы.

Еңбектің құндылығы қазақ тарихына қатысты нақты да құнды мәліметтерді қамтитын түпнұсқа жазба деректердің ғылыми айналымға енгізілуінде. Парсы тілінде жазылған шығармалар XIII-XVІ ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде негізгі жазба деректер болып табылады. Осыған байланысты XIII-XVІ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты парсы тілді деректерді ғылыми сипаттау бұл еңбектің ғылыми маңыздылығы мен іс жүзінде қажеттілігін көрсетеді.

  • «Арабографические источники по истории Казахстана: Фонд Института востоковедения Академии наук Республики Узбекистан»  ғылыми басылымы.

Осы еңбек арқылы Археография және деректану ұлттық орталығы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында«Қазақстан тарихы Шығыс жазба ескерткіштерінде» атты сериялық басылымды шығаруды бастайды. Ол Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді құрайтын шетел қорларында сақталған жазба ескерткіштерді ғылыми сипаттауға арналады. Бұл бағдарламаның аясында Қазақстан шығыстанушыларының ғылыми іссапарларының қорытындылары серияға енгізілетін болады.

Басылымның алғашқы сериясы Өзбекстан Ғылым академиясының Ә. Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазбалар қорларында сақталған жазба ескерткіштерді сипаттауға  арналады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жасалған түпнұсқа қолжазбалар анықталған. Нәтижесінде 73 араб тілді деректер іріктеліп және сипатталып, Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасырын құрайтын өте құнды мәліметтер алынған.