Тіркелу   Забыли пароль?


Орталық туралы




Археография және деректану ұлттық орталығы РММ (бұдан әрі - Ұлттық Орталық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Археография және деректану ұлттық орталығы»  мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

Ұлттық орталық  Қазақстандағы және шет елдердегі  архивтер мен ғылыми мекемелерде, жеке коллекцияларда сақталған ұлттық тарихымызға қатысты тарихи деректер мен құжаттарды іздестіру, зерттеу ісімен айналысады.

Ұлттық орталық Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»  Заңды, «Қазақстан Республикасының  Ұлттық  архив қоры туралы Ережені», Ұлттық орталықтың Жарғысын  басшылыққа алады.
         Ұлттық орталық археография және деректанудың түйінді мәселелерін зерттеуді, шет мемлекеттерде сақталған Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар архивтік  құжаттармен ұлттық архив  қорын толықтыруды мақсат етеді. Оның басты міндеттері  Қазақстан Республикасында және шетелдерде сақталған тарихи дереккөздерді анықтау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, археография және деректану жөнінде теориялық, ғылыми-әдістемеліктер әзірлеу, тарихи құжаттарды басып шығару, Қазақстанға қатысты шетелдік деректердің біртұтас автоматтандырылған мәліметтер базасын құру.

Ұлттық Орталықтың зерттеу қызметіне сәйкес құрылған, археография және деректану саласында озық тәжірибені зерттейтін, ұсыныстар енгізетін, Ұлттық орталық қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыруға ықпал ететін және тарихи деректерді пайдаланудың бірыңғай ұстанымын қалыптастыратын  Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс істейді.

Ұлттық орталықтың келесі құрылымы бар:

Басшылық;

қаржы және кадр бөлімі;

деректану, әдістемелік зерттеу және ғылыми басылымдар бөлімі;

Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды зерттеу, жинау және мәліметтер базасын жүргізу бөлімі:

археография бөлімі (Алматы қаласы).