Тіркелу   Забыли пароль?


«Электронды каталог» ААЖ




2011 жылдың тамыз айында автоматтандырылған ақпараттық  жүйесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді және «Электронды мұрағат» атауы халықаралық стандартқа сай «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып өзгертілді.

 

2011 жылы «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын оңтайландыру мақсатында халықаралық стандартқа сай «Электронды каталог» түрінде жетілдіру көзделген болатын. «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижесінде мәліметтер базасы жаңартылып, оңтайландырылып, жұмыс істеуге қолайлы түрде жетілдірілді. «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің атауы халықаралық стандартқа сай «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып өзгертілді (қазақ және орыс тілдерінде). Мәліметтер базасын қолданушыларға арналған басты өзгеріс тізімдеме мен іс бөлімінде жасалды. Енді белгілі бір мұрағатты таңдау арқылы осы бетте мұрағатқа қатысты барлық мәліметті көруге болады. Сондай-ақ іздеу және есеп бөлімдерінің жұмыстары да жеңілдетілді.

База жұмысындағы статистикалық мәліметтердің өңделуі, жинау сапасы және жылдамдығы, анықтығы, басқару шешімдерінің ақпараттық қолдауы жақсартылды.

Қазіргі таңда «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 38 000-ға жуық құжат енгізілді.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР