Тіркелу   Забыли пароль?


Зиялы қауыммен кездесу




Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде күннің бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен «Рухани жаңғыру – мәдени даму жолы» тақырыбында кездесу болып өтті, оның шеңберінде ислам тарихын, өнері мен мәдениетін Зерттеу орталығымен (ИРСИКА) көрме каллиграфия ұйымдастырылды.

Ислам тарихын, өнері мен мәдениетін Зерттеу орталығының бас директоры Доктор Эрен Халит Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына «Осман Империясы кезеңіндегі Мекке Әл-Мукаррама және Әл-Мадина Әл Минаваре фотосуреттерін» сыйға берді.

Күннің екінші жартысында форумға қатысушылар «Ұлт мұрасы – Ұрпақ қазынасы» атты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме залымен танысты һәм көзайым болды.

Қонақтардың құрамында болғандар: жазышы, драматург, сыншы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген қайраткері, М.Шолохов атындағы Халықаралық премиясының лауреаты Сәбит Досанов; ақын және драматург, «Алаш» Халықаралық әдебиет премиясының лауреаты Серік Тұрғынбек, ақын және «Алаш» Халықаралық әдебиет премиясының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева; жазушы, сатирик Толымбек Әбдірайым, жазушы, Қазақстанның жазушылар Кеңесінің және журналисттер Кеңесінің мүшесі Сәуле Досжан, жазушы, философия ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай; тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүмінов; журналист, Қазақстанның жазушылар Кеңесінің ақыны Төреғали Тәшенов, сонымен қатар өңірлік ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР