Тіркелу   Забыли пароль?


«Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» ғылыми журналы




2011 жылдың маусым айында Орталықта «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» /«Известия национального центра археографии и источниковедения» атты 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) шығатын  жаңа ғылыми журнал жарыққа шықты.

Журнал ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде 2011 жылы 21 ақпанда тіркеліп, №11470-Ж куәлігіне ие болды. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасынан журналға (Юнеско, Франция, Париж қ.) сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында тіркелген және халықаралық номер берілгендігін (ISSN 2221-8521) растайтын сертификат берілді. Журнал жылына 4 рет шығады.

Орталықтың маңызды міндеттерінің бірі – құжаттық мұраларды жариялау. Ол қоғамдағы ғылыми қызметті жандандыруға ықпал ететін ғылыми зерттеулермен байланысты. Соңғы он жылда мұрағаттық құжаттық ақпарат ресурстарының әлеуметтік маңызы күрт өсті.

Осыған байланысты жаңа ғылыми журналдың шығарылуы аса маңызды, себебі мамандардың ұдайы қарым-қатынасы мен бірігіп зерттеулер жүргізуінің қажеттілігі заман талабы болып отыр.  

Журналдың міндеттері: мұрағаттардың басты қызметтерінің бірі болып табылатын құжаттық мұраларды жариялау, қоғамның мұрағаттық ақпараттық ресурстарға қажеттілігін қанағаттандыру, қоғамда тарихи сана мен толеранттылықты қалыптастыру, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жиналған жаңа мұрағат құжаттарын жариялау және ғылыми айналымға енгізу, археография және деректану, мұрағаттану бойынша маңызды мәселелерді қозғау, пікірталас жүргізу, алыс-жақын шетелдердегі әріптестермен, ғалымдармен ғылыми байланыс орнату болып табылады.

Журналдың редакциялық алқасы отанымыздың және алыс-жақын шетелдердің (Өзбекстан, Италия, Жапония, АҚШ) белгілі ғалымдарынан құралған. Журнал «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы», «Деректерден аудармалар», «Руханият тарихы», «Ғылымдар тарихы», «Қазіргі заман тарихы», «Тарихи жағрапия», «Шетел мұрағаттары», «Қазақстан мұрағаттары» сияқты айдарлардан тұрады.

Ғылыми журнал тарихшы мамандарға, тарихшы ғалымдарға және еліміздің тарихы мен мәдениетіне (тарихи-мәдени мұрасына) қызығушы көпшілікке арналған.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР