Тіркелу   Забыли пароль?


Қазақстан Республикасындағы Швеция елшісі Христиан Камиллдың достық сапары




Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығында а.ж. 13 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Швеция елшісі Христиан Камиллдың достық сапары болып өтті.

Кездесу барысында Ұлттық орталықтың директоры Бикенев Рустам Төлегенұлы Христиан Камилл мырзаға қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының негізгі бағыттары мен болашағы туралы және Қазақстан мен Швецияның ғылыми, білім беру, архив және кітапхана мекемелері арасында алдағы ынтымақтастығының шетелдегі Қазақстанға қатысты жазба ескерткіштерін жинау, анықтау, туралы мәселелері талқыланды.

Қонақ, Қазақстан Республикасындағы Швеция Елшілігінің 2-ші хатшысы Габриэль Херттің еруімен халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесіне орайластырылған «Ұлт мұрасы – Ұрпақ қазынасы» экспозициясымен танысты.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» ғылыми кітапханасымен ұсынылған қолжазбалар, сирек кітаптар қойылды, оның арасында бұрын сонды ешкім зерттемеген шығыс тілдеріндегі қолжазбалардың алар орны ерекше.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасындағы Швеция елшісі Христиан Камилл алғысын білдірді және құрметті қонақтар Кітабына естелік жазбасын қалдырды.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР