Тіркелу   Забыли пароль?


Байкалдағы тарихшылар форумы




4-7 шілде аралығында Қолжазбалар және сирек кітаптар мен ұлттық орталығының қызметкерлері А. К. Хайруллина, Н.А. Әбілдинов, Д. Б. Мусина Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультеті ғалымдарының тобы құрамында Бурят Республикасының, Байкалда откен Бірінші халықаралық тарихшылар форумы жұмысына қатысу үшін экспедицияда болды.

Бұл экспедицияның мақсаты кітап қорларының сақталуын қамтамасыз ету, қалпына келтіру, өңдеу және қорғау бойынша арнайы мамандандырылған технологиялар мен жабдықтарды енгізу арқылы жұмыс тәжірибесін зерделеу.

Форум аясында Бурят мемлекеттік университетінің техникалық докторы, профессор Мошкин Николай Ильичпен кездесу ұйымдастырылды және мекемелер арасындағы ғылыми кітапханалық қорды пайдалану саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ұлттық орталық қызметінің негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қолжазбалары және сирек кітаптар (көшірмелерін) цифрлау, консервациялау және қалпына келтіру бойынша жұмыстар кешені болып табылатындықтан, университеттің ғылыми кітапханасының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және сирек кітаптар мұражайның қорлары бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы көрсетілді.

Жинақтау, тарихи-мәдени, жазба мұрасын қалпына келтіру, өңдеу және қолжазбалар мен сирек кітаптарды пайдалану, арнайы мамандандырылған технологиялар мен жабдықтарды енгізу мәселелері бойынша Бурят Республикасының Ұлттық кітапханасы және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің моңғолтану, буддатану және тибеттану институтының Шығыс қолжазбалар орталығының қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу нәтижесі – мәдени, жазбаша мұрасын сақтау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу, жарияланым-баспа жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу және реставрация-консервация қызметінің ынтымақтастығы туралы қол қойылған Меморандумы.

Экспедицияға қатысушылар Бурятия маржаны – Байкалды тамашалап қайтты.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР