Тіркелу   Забыли пароль?


Ереван қаласындағы халықаралық архивтік іс-шаралар




2017 ж. 20-22 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі архив ісі және құжаттама Департаментінің директоры Мұстафина Алия Құсайынқызының басшылығымен, қазақстандық делегациясының құрамында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры - Бикенев Рустам Төлегенұлы - Армения астанасы Ереван қаласында өткен Халықаралық архивтер (ЕВРАЗИКА) кеңесінің XVIII-ші Жалпы Евро-Азиялық аймақтық бөлімшесінің конференция жұмысына қатысты.

ЕВРАЗИКа жұмысына қатысу – бұл ЕВРАЗИКа мүшелерінің Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар, қолжазбалар және сирек кітаптарды пайдалану, анықтау, жинау үшін архив құжаттарына қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады.

ЕВРАЗИКа-ның XVIII-ші Жалпы конференциясында Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан, Қытай, Литва және Польша архив мекемелерінің басшылары 2016 жылдың қорытынды жұмысы, сондай-ақ 2016 ж. Сеул қ. (Корея Республикасы) XVIII-ші Халықаралық архивтер конгресінің қорытындысы талқыланды.

«Архивтерді жинақтау саласының қазіргі заманғы мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференциясында мемлекеттік және ұлттық архивтік қорларды жаңа құжаттармен толықтыру, ЕВРАЗИКа елдері архивтік мекемелерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу тақырыптары талқыланды.

Архившілер форумында ТМД шеңберінде архив ісі саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

ЕВРАЗИКаға қатысқан әріптестерімізге қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ұсыну арқылы әулие Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар Институтының әлемдегі ең ірі кітап сақтау қоймасы, Армения Ұлттық архивінің Эчмиадзин филиалы, Армян кілемінің мұражайы және Арменияның басқа да көрнекті жерлерін тамашалады.

ЕВРАЗИКа жұмысы барысында А. К. Мустафина және Р. Т. Бикеневтің Матенадаран көне қолжазбалар институтының директоры міндетін атқарушы Ваган Арамович Тер-Гевондянмен кездесуі болып өтті. Кездесу кезінде қолжазбалар және сирек кітаптар жұмысын ұйымдастыруы бойынша мәселелер талқыланды, цифрлау, реставрациялау және консервациялау, мәліметтер базасына енгізу, ғылыми еңбектерді дайындау және басып шығару бойынша мастер-класстар өткізілуі қарастырылмы.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР