Тіркелу   Забыли пароль?


«АСТАНА ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне арналады




«АСТАНА ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына арналған іс-шаралар аясында а. ж. 10 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 мамыр 2017 жылғы № 321 (бұдан әрі – Ұлттық орталық) Қаулысымен құрылған, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа мекемесінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ тұсаукесері болып өтті.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасының белгілі мемлекеттік, қоғам қайраткерлері, тарихшы – ғалымдар, ғылыми, білім беру, кітапханалық, архивтік және басқа да мәдени мекемелердің өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы бастап берді.

Ұлттық орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлегендер:

Сыдықов Ерлан Батташұлы – ҚР ҰҒА академигі, т/ғ/д, профессор, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры;

Ертаев Бақытжан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық-қаһарманы, генерал-лейтенант;

Жакыпов Мирболат Хабиевич – Қазақстан Республикасы Преиденті Әкімшілігінің жалпы бөлімнің меңгерушісі;

Ғарифолла Есім - ҚР ҰҒА академигі, ф/ғ/д, профессор.

Ашылу құрметіне орай, Ұлттық орталық Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, келушілерді тарихи-мәдени, ғылыми құндылығы бар қолжазбалармен, құнды кітаптармен таныстыру, сонымен қатар кітап мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлт мұрасы – Ұрпақ қазынасы» қолжазбалар және сирек кітаптар көрмесін ұсынды.

Көрмеге Ғылыми кітапхана РММ «Ғылым ордасы» қорының жазба ескерткіштері ұсынылды, атап айтсақ:

«Хандар шежіресі», Н.Бекеұлы хатшысымен жазылған А. Құнанбаев өлеңдері; Сібір генерал поручигі Иван Шпрингерге Абылай ханның жазған хаттары; М. Көпеев, А. Диваев, Ж. Мұса, М. Әуезов қолжазбалары. Сондай-ақ, осы қордан көрсетілімге Тора бүктеме қағазы немесе Сефер-Тора. - Пятикнижия Моисеева (Торы) мәтінімен қолжазба пергамент бүктеме қағазы қойылды. Көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын туғызған: Ахмет Яссауидің «Диван-и-хикмет» («Даналық кітабы»); алғашқы аудармалардың бірі –ұлы атақты иран ақыны Фирдоусидің «Шахнаме қолжазба көшірмесі».

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы қорларынан қолжазбалар мен сирек кітаптар табыс етілді, олардың арасында ерекше орын алатын, бұрын сонды ешкім зерттемеген шығыс тілдеріндегі қолжазбалар мен сирек кітаптары көрмеге қойылды.

Экспозиция көрмесін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар» Ғылыми кітапханасының қорынан алынған кітаптар мен қолжазбалар толықтыра түсті.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР