Тіркелу   Забыли пароль?


Қазақстандықтардың рухани дамуы – архив құжаттарының айқын бейнесі




2017 жылдың 24-25 сәуір күндері аралығында «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың міндеттері контекстінде архивтердің инновациялық болашағы» атты Республикалық семинар –кеңестің өткізілуіне белсене атсалысты.

24 сәуір күні аталған іс –шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы өзінің алғы сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайлы, оның архив мекемелеріндегі алар орны туралы тоқталып, семинардың ашылуын жариялады.

Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С.Уалиев «Мұрағат ісі және құжаттама департаментінің» директоры - Ә.Қ. Мұстафинаға сөз берді. Ә.Қ. Мұстафина архив мекемелерінің 2016 жылы қызметі мен 2017 жылға арналған міндеттері туралы баяндады.

Сонымен қатар«Documentolog» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Д.Х. Мусабаева «Электрондық құжаттардың қоймасы» сервистік бағдарламалық өнімін енгізу және іске асыру бойынша жобасын таныстырды.

«Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ Қазақстанға қатысты шетелдегі мұралар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары қорытындысының жарияланымдық қызметінің көрмесін ұйымдастырды. Күннің екінші жартысында «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ қызметкерлері ҚР Ұлттық музейінде өткізілген Корея Ұлттық архиві бас директорының Кеңесшісі -Ким Джэпайонгтың «Электрондық архивтер: Корея Ұлттық архивінің тәжірбиесі» тақырыбы бойынша семинар –сабағына қатысты.

25 сәуір күні Қазақстанның барлық облыстарынан архив басшылары мен осы сала мамандары катысқан семинар-кеңеске қатысушыларға «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ дайындаған «О слухах и событиях в Средней Азии» құжаттар жинағы үлестірілді.

Сондай-ақ күн тәртібі бойынша баяндамалар оқылып, талқыланды. Соның ішінде «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ директорының м.а. А.К Хайруллина «Шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттар – Қазақстан тарихын зерделеудің қайнар көздері ретінде» тақырыбы бойынша қатысушылар назарына өз баяндамасын ұсынды.

«Қазақстанның архив саласын дамыту перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, архив ісі саласындағы мәселелер бойынша әріптестер тәжірбие алмасып, ұсыныстарын білдірді.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР