Тіркелу   Забыли пароль?


Алаш қозғалысының 100-жылдығына арналған ғылыми - әдіснамалық семинар




Соңғы кездері тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтайтын, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулып, патриоттық сезімдерін оятатын,  ұлттық рухты көтеретін кездесулер мен семинарлар көп болғаны еңсемізді көтереді. Соның бірі Археография және деректану ұлттық орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетімен бірлесіп өткен Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің 100- жылдығына арналған «Алаш қозғалысының тарихи тәжірибесі және Қазақстан қоғамын жаңғыртудың өзекті мәселелері» жөнінде ғылыми-әдістемелік семинары 2017 жылдын 23 ақпанында өтті. 

 Семинардың шымылдығын т.ғ.д, профессор, тарих фак. деканы Садықов Тілеген Садықұлы ашты. Ол өз сөзінде: «Тәуелсіздік мағынасының өте зор, тамыры терең ұғым екенін, «Ақтабан шұбырындыдағы» жоңғар шапқыншылығынан Төле, Әйтеке, Қазыбек билеріміз үш жүздің басын қосып, Абылайды хан сайлап, жоңғардан жерімізді тазартқанын, Қарасай мен Қабанбай сияқты батыр бабаларымыз Тәуелсіздігімізді қорғап 40–50 жылдай ат үстінде жүргенін, Алаштың асыл азаматтары тәуелсіздікті армандап арыстандай арпалысып, 1986 жылғы желтоқсанда қазақ жастары тәуелсіздік үшін жан қияр ерлік жасап, солардың аманат етіп қалдырған асыл армандарын жалғастырып,  тәуелсіздік жолындағы күрестің соңына нүкте қойғандығын сол Тәуелсіздіктің арқасында қазіргі таңда Туымыз, Әнұранымыз, өз Елтаңбамыз, әлем танитын «Мәңгілік еліміз» барын да тілге тиек етті.

Археография және деректану ұлттық орталығы тарихшыларының, ғалымдарының, зерттеушілерінің, қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі - Қазақстан тарихын зерделеу, зерттеу және сақтау болып табылады. Т.С. Садыковтың айтуынша, өзінің тарихшы-әріптестерімен бірге алғашқы әдістемелік құралдарды, Ұлттық Орталықтың Ережесін, халықаралық ғылыми-әдістемелік кеңес және алғашқы ғылыми басылымдар мен жарияланымдарды әзірлеген. Және де тарих факультетінің Археография және деректану ұлттық орталығы құрылғаннан бері ынтымақтастықпен жұмыс істеп келетінін және әрі қарай осы қалыпта жұмыс жасауды жалғастыратынын айтып өтті.

 Содан кейінгі сөз кезегі «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ директорының у.м.а А.К.Хайруллинаға берілді. А.К.Хайруллина ұлттық орталықтың бөлімдері туралы, ондағы Қазақстан Республикасының мұрағаттық, кітапхана, ғылыми мекемелері мен шет елдерден әкелінген 46053 құжаттар тізімінен тұратын «Электрондық каталог» ААЖ жұмыс жасайтыны; Қазақстан Республикасы мен шетелдің ғылыми мекемелерімен ынтымақтастық туралы; сондай-ақ, Алматы қаласының археография қызметкерлері - Б.Т. Жанаев, И.М. Самигулин, Ж.М. Тулибаевалардың Ұлттық орталығының ғылыми – жарияланымдық қызметіне қызметіне қосқан үлесін жеке-жеке атап өтті.

"Археография және деректану ұлттық орталығы Хабарлары" журналы тарих факультетінің студенттері мен оқытушыларына ғылыми еңбектерін басып шығаруына  мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.

Орталық басылымдары жайында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің т.ғ.д, тарих факультетінің профессоры Ковальская С.И орталықтан шыққан басылымдарға өзінің оң бағасын беріп, Ж.Тулибаеваның «Арабографические источники по истории Казахстана», Б.Жанаев «О слухах и событиях в Средней Азии», А.Зұлқашевалардың «Трагедия казахского аула 1928-1934 жж»  т.б еңбектерін ерекше атап өтті және атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

Семинар тақырыбы бойынша Астана қаласындағы Еуразиялық зерттеу кафедрасының профессоры, т.ғ.д  Шаяхметов Н.У. «Алаш идеясы және жалпыұлттық бірлік мәселесі» жөнінде баяндамасымен таныстырып өтті. Сонымен бірге С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті, қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Бекмағанбетов Ө.Ж. «Алаш қайраткерлерімен 1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің байланысы туралы (Атбасар өңірі материалдары негіздері)», тарих факультетінің доценті, т.ғ.к Сайлаубай Е.Е. «Қазақстанда ұлттық-демократиялық қаозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі өрлеуі», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің доценті, т.ғ.к Екібаев Р.Ж «1917 жылғы Ақпан төкерісі: түбірлі өзгеріс және жаңа кезең» тақырыптарында слайдтар көрсетіп, баяндамалар оқылды.

Семинар соңында Археография және деректану ұлттық орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетіне бірқатар ғылыми басылымдар табыстады.

 

Ғылыми-әдіснамалық семинардың ұсыныстары:

 

  1. Ғылыми еңбектерді баспаға дайындау мақсатында басшылық және ғылыми консультациялар үшін профессорлық құрамды тарта отырып бірлескен ғылыми, археографиялық және деректанулық зерттеулер жүргізу;
  2. Археографиялық және деректанулық ғылыми зерттеулер үшін ынтымақтастықты сақтау  мақсатында қысқа және ұзақ мерзімде тәжірибе алмасу  үшін зерттеушілер мен кәсіби (оқу-өндірістік, өндірістік, зерттеу) практикасын ұйымдастыру;
  3. Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультеті қызметкерлерін Археография және деректану ұлттық орталығының ғылыми жобаларына тарту;
  4. Археографилық және деректанулық зерттеулер бойынша тарихшылар, археографтар, мұрағатшылардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, оқыту бойынша мастер-класстар өткізу;
  5.  Археография және деректану мәселелері бойынша басылымдармен, ғылыми зерттеулер, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен алмасу;
  6. Білім беру бағдарламаларының шеңберінде бірлескен гранттар алуға өтінім дайындау.
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР