Тіркелу   Забыли пароль?


«О слухах и событиях в Средней Азии» құжаттар жинағының ТҰСАУКЕСЕРІ




2017 жылдың 3 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Еуразиялық зерттеулер кафедрасымен бірлесіп өткен «Алаш» қозғалысының 100-жылдығына орай «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ «О слухах и событиях в Средней Азии» құжаттар жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Кітаптың тұсаукесері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» ғылыми кітапханасының Қызыл залында өтті.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Археография және деректану ұлттық орталығының ғылыми басылымдарын насихаттау, жұртшылыққа ұсыну.

Тұсаукесерді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университі, т.ғ.д., профессор, Тарих  факультетінің деканы, «Археография және деректану ұлттық орталығы» ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы Садықов Тілеген Садықұлы құттықтау сөзімен бастап, жылы лебізін білдірді. Тұсаукесер рәсімін жүргізуге  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА корресподент – мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Көмеков Болат Ешмұханбетұлы мен т.ғ.д, профессор Өмірзақ Өзғанбай үлкен үлесін қосты.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің бас сарапшысы Гаппасова Марал Айтмұқанбетқызы қатысты.

Аталмыш кітаптың мәні мен маңызы туралы  «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ директорының у/м/а А.К. Хайруллина баяндап берді. Өз сөзінде А.К. Хайруллина: «Мемлекетте жүргізіліп жатқан мәдени мұраны сақтау және көбейту саясатының арқасында, 2009 жылдан бері Ұлттық орталықта Қазақстан Республикасы және шет елдердің архивтік, ғылыми, кітапхана мекемелерінде анықталған XVIII–XX ғғ. Қазақстан тарихы бойынша 10 архивтік құжаттар жинақтары жарияланды. Соның бірі «О слухах и событиях в Средней Азии. Т. 1. 20 сәуір 1853 ж – 31 шілде 1862 ж». туралы құжаттар жинағы» екенін айтып өтті.

Ал осы кітаптың маңыздылығына т.ғ.д., профессор Г.М. Какенова «Презентация сборника документов «О слухах и событиях в Средней Азии» по результатам научных и археографических источниковедческих иссловедений» атты баяндамасында тоқталып өтті.

Жинақ соңғы онжылдықта Ресей империясының Орта Азия хандықтарын басып алу алдында 1853 ж. орыс әскерлерінің Ақмешіт қоқан бекінісін шабуылмен  алғаннан 1862 ж. дейінгі оқиғаларды баяндайды.

«О слухах и событиях в Средней Азии» жинағында алғаш рет Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (Алматы қ.), Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архиві (Мәскеу қ.), Орынбор облысының Мемлекеттік архиві қорларынан анықталған 373 бірегей архивтік құжаттар жарияланады.

Тұсаукесер рәсіміне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының ПОҚ докторанттары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми кітапханасы, ҚР БЖҒ ҒҚ Мемлекет тарихы институты, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қатысты.

Тұсаукесерге қатысушы ғалымдар мен оқытушылар «О слухах и событиях в Средней Азии» жинағы ғалымдар, тарихшылар, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азия тарихына қызығушылық танытқан, кең ауқымды оқырмандардың пайдалануына арналған ғылыми басылым болып табылатынын және ұлттық орталықтан болашақта жақсы еңбектер күтетінін айтты.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР