Тіркелу   Забыли пароль?


«Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы




2015 ж. 11 қыркүйегінде Астана қаласында Назарбаев университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Археография және деректану ұлттық орталығының директоры Л. Әбдірәсілова мен Орталық қызметкерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты – қазақ халқының тарихындағы Қазақ хандығының рөлі мен маңызын, оның Қазақстан халқының қазіргі заманғы ұлттық сәйкестігін қалыптастырудағы үлесін ғылыми тұрғыдан көрсету.

Конференцияның жұмысына 25-тен астам елден көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы 5 секцияға бөлініп, секциялар Назарбаев университетінде, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында, ҚР Жоғарғы сотында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жалғасын тапты.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен осы «Ұлы даланың өшпес тарихы» деп аталатын секция жұмысына Археография және деректану ұлттық орталығының қызметкерлері түгел қатысып, «Қазақ хандығынан – мәңгілік елге» кітап көрмесін тамашалады.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға Қазақстанның, ТМД елдерінің, сондай-ақ Түркия, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ және де басқа шет мемлекеттердің белгілі ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, пікірлерін білдіріп, баяндамаларын оқыды.

Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясының Қытай шекарасы қауіпсіздік орталығының директоры Ши Цзэ Еуразия аумағының дамуына Н. Ә. Назарбаевтың қосқан үлесін атап өтті. И. Ганди атындағы Өнер орталығының қызметкері, профессор Мансура Хайдар Қазақ елінің тарихына тоқталып, «Мирза Хайдар Дулати в персидских источниках» кітабының тұсаукесерін өткізді. Ханкука шет тілдер университетінің зерттеуші профессоры Ким Сангчул Корея мен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихы жөнінде баяндама жасады. Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің профессоры Фрачетти Михаил «Жібек жолындағы «Қалалық орталық» үлгісі» баяндамасында Ұлы Жібек жолы бойындағы қазақ қалаларына шолу жасады.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР