Тіркелу   Забыли пароль?


Орталық мамандары Османлы мұрағатында




Іссапардың мақсаты: 

  1. Премьер-министр жанындағы Османлы мұрағатының қызметімен танысу,   

   тәжірибе алмасу.

  1. Құжаттардың сандық көшірмесін жасау, сақтау жұмыстарымен танысу.
  2. Құжаттардың электрондық көшірмелерін қолдану жолдары.
  3. Құжаттардың электрондық көшірмесін жасауға және сақтауға қажетті  

    құрал-жабдықтармен танысу.

Іссапардың алғашқы күні Орталық мамандарын Стамбул қаласындағы Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Османлы мұрағатының директоры Mustafa Budak мырзамен директордың орынбасары Onder Bayir  мырза қарсы алды. 

jlfffl

Османлы мұрағатының директоры Mustafa мырза мен директордың орынбасары Onder мырза сұхбат барысында мұрағаттың құрылу тарихы, атқаратын қызметі мен міндеттері, мұрағаттың құрылымдарымен таныстырды.

Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Османлы мұрағаты (www.devletarsivleri.gov.tr) ауқымының 122 мың шаршы метр жері ашық, 43 мың шаршы метр жері жабық, негізінен 12 блоктан тұрады. Ең үлкен блогы Конгресс орталығы деп аталады. Онда конференц-залдары, театр, мұражай орналасқан. Мұрағаттың зерттеу, реставрация және консервациялау бөлімдері, депо (қор сақтау бөлімі) бар. Құжаттардың сандық көрінісі 13 млн.-ға жуық. 1998 жылдан бастап құжаттарды сандық форматқа көшіру және микрофильмдермен жұмыс жасайтын болған. Мұрағат саласында басқа елдермен тәжірибе алмасу жоғары деңгейде екендігін айтып өткен жөн. Османлы мұрағатының 44 елмен ынтымақтастық протоколдары бар.

Танысу барысында Археография және деректану ұлттық орталығының директоры  Л.Әбдірәсілова Орталықтың қызметі жайында және Османлы мұрағатына келгендегі мақсатын сөз етті. Осы мұрағаттың қызметімен танысу, құжаттардың сандық көшірмесін жасау және оны сақтау, қолдану жолдарын көру, құрал-жабдықтармен танысу  аса қызықтыратынын айтып кетті. Директор Мұстафа мырза Атажұрттан келген бауырлардың келгеніне өте қуанышты екенін және қолдарынан келген барлық көмектерін аямайтынын айтты.

Мұрағаттың құрылымы жеке-жеке ғимараттардан тұратын қалашық деуге болады. Мұрағат бірнеше бөлімдерден тұрады.

Құжаттардың сандық көшірмесін жасау бөлімі

         Османлы мұрағатында құжаттардың сандық көшірмесін алуды екі тәсіл арқылы жасайды. Бірінші құжаттың жалпы суретін түсіру. Екінші құжатты қатар-қатар бойынша түсіру. Екінші тәсіл архивтеудің негізгі тәсілдерінің бірі болғандықтан, мұрағат қызметкерлері сандық көріністе жиі қолданады екен.  Аппараттар мұрағаттағы құжаттардың өлшеміне, форматына қарай таңдалған. Құжаттар сандық форматқа түсірілмес үшін, ең алдымен, каталогтарын жасайды, классификацияланады. Осыдан кейін ғана сандық түсірілімі жасалынып, жеке-жеке номер беріледі.

Мұрағат басшыларының айтуы бойынша құжаттарды сандық көшірмеге айналдыру үшін, ең алдымен, үлкен қаражат пен дайындық қажет, өте сапалы сканер жасайтын құрылғылар мен оны сақтайтын серверлер қажет. Іссапардағы мақсатымыздың бірі құжаттардың жоғары сападағы көшірмесін жасайтын құрал-жабдықтармен танысу болатын.

Осыған сәйкес Османлы мұрағатының басшылары өздерінің тәжірибесінде қолданып жүрген, құжаттардың жоғары сападағы көшірмесін жасайтын Германияда жасалған сканерлердің бірнеше түрлерін таныстырып, қолдануға кеңес берді және олардың прайс қағаздарын ұсынды.


112data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/3.jpg

         Сонымен қатар бұл жұмыста сервер ең маңызды қызмет атқаратыны жөнінде сөз болды. Бұл мұрағаттағы серверлер жеке, арнайы, барлық талаптарға сай жасалған қоймаға орналасқан. Бұл жерде өзінің температурасы мен ылғалдылығы қатаң сақталады екен. Барлық материалдарды 35 сервер сақтауда. Құжаттардың көшірмесі 3 данада сақталады: серверде, арнайы дискіде және Анкарадағы бас мұрағатта. Стамбул сейсмикалық қала болғандықтан, жер сілкінісіне қарсы серверлердің астында рельс тәріздес құрылғы орнатылған. Сілкініс кезінде рельс құрылғылар сервердің тепе-теңдігін сақтап тұрады. Серверлер әр 5 жылда жаңартылып тұрады. Құжат көшірмелерінің жойылып кету қаупі болған емес, өйткені жарық сөнген сәтте автоматты түрде жарық беретін құрылғылар іске қосылады және ол 1 аптаға дейін ұстап тұра алады.

Реставрация бөлімінде құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бөлімде өз ісін аса бағалайтын мамандардың қызмет істеп жатқаны көрініп тұр. Бұл жерде өте ұсақ бөліктерге бөлініп, құрып кетуге жақын құжаттар да қалпына келтіріледі екен.


hell

Зерттеу бөлімінде құжаттарды электронды түрде мәліметтер базасынан іздеу арқылы оқырмандар жеке құжаты мен паспортын көрсету арқылы қалаған тақырыбын оңай таба алады. Іздеген материалының электрондық көшірмесін алу үшін ақылы түрде сұраныс жолданады. Құжаттың көшірмесі CD дискіге көшіріліп беріледі.

Орталық мамандары зерттеу бөлімінде құжаттарды қалай іздеу, қалай тапсырыс беру жолдарымен танысты. Османлы мұрағатының электрондық базасынан қазақ хандығына қатысты бірнеше құжаттарды анықтап,  құжаттардың электрондық көшірмесін алды. 

nero

Депо – қор сақтау бөлімінде Осман империясы құрылуынан 1922 жылға дейінгі аралықтағы мемлекеттік, әкімшілік-территориялық, саяси-экономикалық құжаттар сақталады. Сонымен қатар дефтерлер, Османлы ұрпақтарына қатысты құнды  альбомдар сақталған. 

145ролрл

прпу

Мұрағаттың ең үлкен блогы – Конгресс орталығында театр орналасқан. Театрда түрлі қойылымдар мен мәдени іс-шаралар өткізіледі екен. 28 мамыр күні мұрағат театрында Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығына арналған «Ganakkale 1915» атты спектакльді тамашаланды. Театр әртістері соғыс кезіндегі түрік халқының басынан өткізген ауыр кезеңдерін әсерлі жеткізді.

Мұражайда ерте кездегі Осман империясының құжаттары, Орта ғасырлардағы суретшілер бейнелеген қабырға бойын алып тұрған Стамбул қаласын бейнелеген картиналар және құжаттар сақтаған көне жәшіктер мен шкафтар қойылған. Сонымен қатар мұражайдан бұдан басқа да қызықты жәдігерлерді көруге болады.

; mso-ansi-language:KZ'>Реставрация бөлімінде құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бөлімде өз ісін аса бағалайтын мамандардың қызмет істеп жатқаны көрініп тұр. Бұл жерде өте ұсақ бөліктерге бөлініп, құрып кетуге жақын құжаттар да қалпына келтіріледі екен.

 


пар

 

Орталық қызметкерлері Османлы мұрағатымен таныса отырып, үлкен тәжірибе жинақтап қайтты. Мұрағат жұмысы жоғары деңгейде жолға қойылған, мұнда өз ісін жетік білетін мамандар қызмет етеді және олардан көп нәрсені үйренуге болады. Османлы мұрағатының басшылары Қазақстанды көруге, бұл жақтың мұрағат саласының қызметімен танысуға аса қызығушылық танытып, болашақта байланысымыз жалғасын тапса деген сенім білдірді. 

 

лар және құжаттар сақтаған көне жәшіктер мен шкафтар қойылған. Сонымен қатар мұражайдан бұдан басқа да қызықты жәдігерлерді көруге болады.

 

; mso-ansi-language:KZ'>Реставрация бөлімінде құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бөлімде өз ісін аса бағалайтын мамандардың қызмет істеп жатқаны көрініп тұр. Бұл жерде өте ұсақ бөліктерге бөлініп, құрып кетуге жақын құжаттар да қалпына келтіріледі екен.

 

 

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР