Тіркелу   Забыли пароль?


Даму жолына қарай 100 қадам




2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті басшыларының қатысуымен ҚР Ұлттық мұрағатының ғимаратында Елбасы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жолындағы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып табылатын 100 нақты қадамы талқыланды.                                    Талқылауға Археография және деректану ұлттық орталығының қызметкерлері, ҚР Ұлттық мұрағатының қызметкерлері қатысты.      Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің Ақпараттық қызмет және мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Д.С.Мұқатаев өз сөзінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру институционалды реформалары қоғам және мемлекетімізде түбегейлі қайта өзгертулер қалыптастыратын даму жоспары болары сөзсіз екендігін баса айтты.                        Археография және деректану ұлттық орталығының кадр қызметінің инспекторы З.Т. Аилбекова қоғамның барлық салаларының жаңғыртылуын қамтитын құжаттың кейбір тармақтарына қысқаша тоқталып, Елбасымыздың ұсынған 100 қадамына қолдау білдірді.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР