Тіркелу   Забыли пароль?


Америкада сақталған шығыс қолжазба коллекцияларының каталогтары зерттелді




Орталықтағы деректану зертханасының археографы, т.ғ.д., профессор Ж.М. Тулибаева 2014 жылдың 10 шілде мен 8 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Индиана, Чикаго, Гарвард университеттерінің кітапханаларына іссапармен барды.

Іссапар мақсаты – америкалық университеттердің кітапхана қорларында сақтаулы тұрған Қазақстан тарихы мен мәдениетінің барынша ең маңызды түрлі аспектілері бойынша толыққанды мәліметтерді қамтитын ортағасырлық және жаңа дәуірдегі араб тілді жазба деректерді анықтау болатын.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі жұмыстар жасалынды:

1) Америкада сақталған шығыс қолжазба коллекция каталогтары анықталып, зерттелді.

2) АҚШ-тың, Еуропа мен Азияның қолжазба қорларында сақтаулы араб графикасындағы қолжазбалардың төмендегі 112 дана микрофильмдік көшірме нұсқасы анықталып, әкелінді:

- Өзбекстан Республикасындағы сақтаулы қолжазба микрофильмі – 43 дана,

- Нидерландыда сақтаулы қолжазба көшірмесі – 1 дана,

- Ресейде сақтаулы қолжазба микрофильмі – 6 дана,

- Ұлыбританияда сақтаулы қолжазба микрофильмі –13 дана,

- Францияда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 4 дана,

- Германияда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 3 дана,

- Пакистанда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 2 дана,

- Үндістанда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 4 дана,

       - Швецияда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 3 дана,

- әртүрлі қорлар мен жеке колекцияларда сақтаулы қолжазба микрофильмі – 33 дана.

Анықталған араб графикасындағы қолжазбаларда қазақтар мен Қазақстанның ХІІІ-ХХ ғғ. аралығындағы тарихына қатысты, сол оқиғаларға тікелей қатысушы және оған куәгерлермен жазылған шынайы деректер мазмұндалған. Шығарма авторлары өз еңбектерін жазу барысында көптеген араб-парсы және түркі деректемелерін, ауызша жеткізілген және хабардар болған тұлғалардың айтуы бойынша жеткен мәліметтерді пайдаланған. Анықталған араб графикасындағы шығармаларда моңғол жаулап алушылығы, Орталық Азиядағы жаңа саяси құрылымдардың бой көтеруі жөнінде жан-жақты сипаттамалар қамтылған.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР