Тіркелу   Забыли пароль?


Қазақстан тарихы Шығыс жазба ескерткіштерінде




Орталықта «Арабографические источники по истории Казахстана» (Фонд Института востоковедения Академии наук Республики Узбекистан) ғылыми басылымы жарыққа шықты.

Осы еңбек арқылы Археография және деректану ұлттық орталығы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан тарихы Шығыс жазба ескерткіштерінде» атты сериялық басылымды шығаруды бастайды.

 Сериялық басылым Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді құрайтын шетел қорларында сақталған жазба ескерткіштерді ғылыми сипаттауға арналады. Бұл бағдарламаның аясында Қазақстан шығыстанушыларының ғылыми іссапарларының қорытындылары серияға қосылатын болады.

Басылымның алғашқы сериясы Өзбекстан Ғылым академиясының Ә. Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазбалар қорларында сақталған жазба ескерткіштерді сипаттауға  арналады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жасалған түпнұсқа қолжазбалар анықталған. Нәтижесінде 73 араб тілді деректер іріктеліп және сипатталып, Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасырын құрайтын өте құнды мәліметтер алынған.

Анықталған араб тілді қолжазбалар ежелгі түркі тарихына, аңызға айналған түркі генеалогиясын қатысты, Қытайдағы түркі тайпалары туралы, Мавераннахрдағы түркі тайпалары туралы, түркі билеушілері туралы, Түркістан қалаларын сипаттауға, VІ ғ.- VІІ ғ. басындағы Сасанидтер мен Түркі қағанатының өзара қарым-қатынасы тарихына қатысты құнды деректерді қамтиды.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР