Тіркелу   Забыли пароль?


«История Казахстана в документах и материалах» альманахы. ІІІ шығарылым.




Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» альманахының 3 шығарылымы жарыққа шықты.

Альманахтың үшінші басылымында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының қорларынан, ҚР Президенті мұрағатынан, Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатынан, Ресей империясы сыртқы саясат мұрағатынан, Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатынан, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатынан, Ресей мемлекеттік ежелгі актілер мұрағатынан, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағатынан, Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатынан, РҒА Шығыс қолжазбалары институтынан, РҒА мұрағатының Санкт-Петербург қаласындағы филиалынан, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатынан, Омбы облыстық тарихи мұрағаты мен Тәжікстан Республикасының ҒА Шығыстану және жазба мұралар институты қорларынан алынған ХVIII-XX ғғ. Қазақстан тарихына қатысты тарихи құжаттар қамтылған.

Басылымда ХVIII-XІX ғ. бірінші жартысындағы Орталық Азиядағы күрделі әрі бізге белгісіздеу халықаралық қатынасты танып-білуге мүмкіндік беретін көршілес елдердің монархтары мен мемлекет қайраткерлерінің қазақ елінің хандарына, билеріне, сұлтандарына жазған арнайы таңдалып алынған хаттары; 1800 жылы Оңтүстік Қазақстан аумағы арқылы Ташкентке сапар шеккен таулық шенеуніктер Т.С.Бурнашев пен М.С.Поспеловтың жол бойы жазған жазбалары; 1852 жылы Орынбор шекара комиссиясының шенеунігі Ф.М.Лазаревскийдің қазақ элитасына жеке мінездемелер беріп, көшпелілердің күнделікті өмірі жайлы көптеген дәйектемелер келтірген «Қырғыз ордасының батыс бөлігі мен Орал линиясы жайлы» еңбегі;  1921 жылы жаз ортасында  Кіші Алматы өзенінің алқаптарында орын алған алапат сел тасқынына қатысты сирек  құжаттар кешені; қатысушылардың баяндамаларынан СССР-де тоталитарлық жүйенің нық орнағанын көрсететін 1939 жылдың 22-25 маусымында өткен Қазақстан Жазушылар одағының 2-ші сьезінің стенограммасы жарияланған. 

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР