Тіркелу   Забыли пароль?


«Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII – середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы




Орталықта «Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII-середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып, баспадан шығарылды. Құрастырушылар: Ерофеева И.В., Жанаев Б.Т., Самигулин И.М.

         Оқырмандар назарына ұсынылып отырған тарихи құжаттар жинағына XVIII ғасырдың ортасы – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік саяхатшылардың Қазақстанның географиясына, топонимикасына және тарихи этнографиясына арналған сапарнама күнделіктері мен жазбалары енгізілді. Басылым үшін жазба деректердің осы категориясын алуға негізгі себеп зерттеліп отырған кезеңде еуразия континентінің ішкі бөлігінде геосаясат жағдайындағы динамикалық өзгерістер Ресейдің шығыс саясатында Қазақ даласының рөлін шарықтатты және ол туралы жан-жақты білім жинақтау процесінде орыс ғылымы мен мәдениетінде елеулі із қалдырды.

         Зерттеліп отырған кезеңнің әр түрлі жылдарындағы ресейлік жаһанкездер мен зерттеушілердің сапарнама есептері төңкеріске дейінгі және кеңестік дәуірдегі археографтардың көпшілігінің айтарлықтай қызығушылығын тудыратын пән болды және құжатты жинақтар мен мерзімдік басылымдарда олардың түсініктемелерімен бірнеше рет басылып шығарылды.

         Дегенмен Ресей федералдық және шет аймақтық мұрағаттарында сақтауда тұрған саяхатшылардың қазақ даласына қатысты қолжазбаларының көпшілігі әлі де жарияланбаған және осы кезге дейін Қазақстан тарихы және этнографиясын зерттеуші мамандарға беймәлім. Жазба ескерткіштердің бұл категориясына жинақты құрастырушылардың Ресейдің орталық кітапханалары мен мұрағаттарынан әр түрлі жылдарда алған, осы басылымда жарияланатын XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың бірінші жартысын қамтитын 18 репрезентативтік тарихи құжат жатады. 

         Оған 1771 ж. Сібір казактарының атаманы Григорий Волошаниннің, 1784 ж. Тобыл наместнигінің секунд-майоры, кейін отставкіге шыққан генерал-лейтенант Богдановтың, 1811 ж. Сібір инспекциясы және Сібір торабы бастығының инспекторы жанындағы генерал-лейтенант Г.И. Глазенапе колледжінің тіркеушісі Андрей Терентьевич Путинцевтің, 1813 ж. губерниялық хатшының аудармашысы Бубенновтың, 1814-1815 жж. Орынбор өлкесінің белгілі зерттеушісі атанған инженер-поручик Григорий Федорович Генстің (1787-1845), 1821 ж. Омбы әскери-жетімдер бөлімінің 14-класының бақылаушы көмекшісі Лещевтің, 1869 ж. Орынбордың екінші гильдиялық көпесі Дмитрий Ульянович Беловтың күнделіктері енді.

         Сонымен бірге жинақта қазақстандықтар үшін қол жетімсіз болып келген XIX ғасырдың ортасындағы «Библиотека для чтения» атты Ресей журналында жарияланған саратовтық көпес Яков Прохорович Жарковтың 1852 және 1854 жылдардағы жазбалары бар. Бұл құжаттар, сирек басылғанын есептемегенде, ғылыми тарихи-этнографиялық еңбектерде бұрын пайдаланылмаған, сол сияқты қазір де Қазақстанның тарихын, тарихи географиясын, этнографиясы мен топонимикасын қазіргі зерттеушілер үшін әлі де беймәлім күйінде қалып отыр.

         Шығарылған күнделіктер репрезентативті және ақапаратқа толы тарихи деректер болып келеді және өткен тарихи кезеңдерде орыстар мен еуропалық саяхатшылар аяқ баспаған қазақ жерінің көзтартарлық табиғаты, далалы өлкенің әр түрлі географиялық аудандарындағы көшпелі тұрғындардың қоғамдық өмірі мен мәдениеті туралы аса құнды материалдардан тұрады. Бұнда қазақ рулық топтарының маусымдық көшіп-қону жолының кеңістіктік шегі және трансаймақтық керуен бағдарламалары, көшпенділердің шаруашылық кәсіптері, олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, көршілес көшпелі және отырықшы халықтармен өзара қарым-қатынастары туралы әр түрлі мәліметтер келтірілген. 

  Сапарнама журналдарының көпшілігіне тән нәрсе – Ресейдің дипломатиялық миссиясы мен сауда керуендері кесіп өткен Қазақ даласының әр түрлі ландшафты аймақтарын нақтырақ азды-көпті сипаттау, сондай-ақ өздері көрген таулардың, шатқалдардың, кішігірім өзендер мен көлдердің ерекше атауларын, олардың дәстүрлі халықтық мағынасын көрсете отырып атау. Мұндай айғақтардың арнайы тарихи-географиялық және тарихи-топонимикалық зерттеулер үшін, қазақтар арасындағы сіңіп кеткен көптеген топонимдік белгілер мен олардың нақты мазмұнының пайда болуын түсіндіру үшін қазіргі заманғы ғалымдарға шүбәсіз нақты материал ретінде үлкен практикалық құндылығы бар.

         Аймақтың жекелеген бөліктерінде табылған көне ескерткіштер туралы саяхатшылар күнделіктеріндегі нақты баяндаулар қираған қалдықтарға жатқызылған, топырақ қамалдардың, ирригациялық құрылыстардың, будда ғибадатханаларының және қазақ кесенелерінің ландшафты-географиялық жазбаларымен үйлесіп тұр. Бұл жерде орта ғасырдың соңы мен жаңа дәуірдің басындағы Шығыс Қазақстан және Жетісу көшпелілерінің жылжымайтын мәдени мұрасы туралы өзіндік ақпарат беретін Г. Волошаниннің, А.Т. Путинцевтің және Лещевтің сапарнама жазбалары ғылым үшін ерекше қызығушылық тудырады. Алғашқы екі автордың жазбаларында Қазақ даласының шығысындағы Аягөз өзенінің алқабында орналасқан Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың тастан қаланған керемет мазары туралы, қазіргі заманғы тарихшылар мен мәдениеттанушыларға оны зерделеу және осы ескерткіштің бастапқы сыртқы бейнесі туралы нақты ұғым қалыптастыруда жаңа құнды ақпарат беретін ертеректегі  мәліметтер келтірілген.

         Г. Генстің және жоғарыда аталған үш саяхатшының журналдарында өзге замандастарының далалық көшпенді мал бағушылардың аз зерттелген шаруашылық саласы туралы айғақтарын едәуір нақтылайтын және толықтыратын Орталық Қазақстан, жоғарғы Ертіс жанындағы және Жетісудың бірқатар аудандарындағы қазақ егін шаруашылығының ошағы және қазақтардың өз егістерін өңдеудің өзіндік әдістерін қолданғаны туралы қызықты деректер келтірілген. Сонымен қатар олардың жазбаларында аймақтың көшпенді тұрғындарының дәстүрлі тұрмысы мен материалдық мәдениетін тұжырымды, бірақ кең мағынада суреттегені және қазақ қорымдары мен ескерткіштер (күмбездер, құлпытас) құрылыстарының орналасқан орны туралы жекелеген ескертулері кездеседі.

         Жоғарыда көрсетілген барлық тарихи құжаттарды шығару қоғамдық ғылым саласындағы қазіргі заманғы мамандардың және тарихи топонимика, тарих және қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне қатысты жазба деректер саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының қолжеткізу корпусын кеңейту үшін маңызды және оның өткен тарихын шолуда этномәдени келбеті туралы ауқымды және жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР