Тіркелу   Забыли пароль?


«Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты




2011 жылдың аяғында Орталықта «Электронды каталог» мәліметтер базасы негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты. Құрастырушылар: Әбдірәсілова Л.Ә., Жанаев Б.Т., Жүсіпов Е.Қ., Исахан Ғ.Т., Пәрімбекова К.П.

2010 жылы «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» көптомды ақпараттық анықтамалықтың І және ІІ томдары жарық көрген болатын. Жоспарға сәйкес үстіміздегі жылы осы анықтамалықтың ІІІ және ІV томдарын ұсынып отырмыз.

Ақпараттық-анықтамалық шетел мұрағаттарында сақталған құжаттардың сақталған орны көрсетіле отырып құрастырылған құжаттар тізімінен тұрады. Сондай-ақ тізімнің соңғы бағанында құжаттардың Қазақстандағы сақталу орны да көрсетілген.

Анықтамалықтың ІІІ томында Қазақстан тарихының ХІХ-ХХ ғғ. қатысты Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты (Санкт-Петербор қ.) қорларынан әкелінген 6 мыңға жуық істің тізбесі жарияланған.

Ал ІV томында (1-2 бөлімдері) Қазақстан тарихының ХVІІІ ғ. мен ХХ ғасырдың І жартысына қатысты Орынбор облысының Мемлекеттік мұрағаты қорларынан әкелінген 9 мыңнан аса істің тізбесі ұсынылған.   

Анықтамалық кәсіби тарихшыларға, археографтарға, деректанушыларға және зерттеуші ғалымдарға арналған.

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР