Тіркелу   Забыли пароль?


«“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы




2011 жылы желтоқсанда Орталықта XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Жетісу тарихындағы қайғылы оқиғаға – төрт бірдей күшті жер сілкінісіне арналған «“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» атты құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып шығарылды. /Құрастырушы: И. М. Самигулин. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.

Жинақ төрт бөлімнен тұрады: 1) 1885 жылғы 22 шілдедегі Беловодтағы жер сілкінісі, 2) 1887 жылғы 28 мамырдағы Верныйдағы жер сілкінісі, 3) 1889 жылғы 30 маусымдағы Шелектегі жер сілкінісі, 4) 1910 жылғы 22 желтоқсандағы Кеміндегі жер сілкінісі. Жинақта Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасы Кинофотоқұжаттар мен дыбысжазба орталық мемлекеттік мұрағаты (Алматы қаласы), Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты (Мәскеу қаласы), Орыс географиялық қоғамы мұрағаты, Ресей ұлттық кітапханасының (Санкт-Петербор қаласы) және Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Республикасының Ұлттық кітапханасының (Ташкент қаласы) қолжазбалар бөлімі қорларынан алынған құжаттар жарияланған. Сондай-ақ төңкеріске дейінгі мерзімдік басылымдар – «Туркестанские ведомости», «Русский Туркестан», «Семиреченские областные ведомости» және басқа да газет беттерінде жарияланған мақалалар берілген.

Жинақтың өзектілігі сол, табиғи апаттар орны, қирау деңгейі, жер бетінің қозғалыс детальдары туралы құжаттық мәліметтер ғалымдарға аймақтың сейсмологиялық картинасын елестетуге мүмкіндік береді, жер сілкінісін болжау әдістемесін әзірлеуге ықпал етеді. Сонымен қатар кітап төтенше жағдайлар саласындағы мамандар, басқарушылар, психологтар үшін, сондай-ақ оның тақырыбына қатысты барша оқырман қауым үшін де практикалық қызығушылық тудыратыны сөзсіз. 

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР