Тіркелу   Забыли пароль?


Жаңалықтар






  • Француз сенаторы Пюи-де-Дом Ален Неридің сапары

    Ағымдағы жылдың 23 тамызы күні сағат 13:00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының көрме залына Француз сенаторы Пюи-де-Дом Ален Нери келді.


  • ҚР Парлемен Сенатының Төрағасы Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары

    Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасымен бірлесіп дайындаған Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» көрмесіне ҚР Парлемен Сенатының Төрағасы Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.


  • Қазақстандық архивтер: жаңару жолында

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылдың 18 тамызында Вице-министр А. Райымқұлованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңесінің жауапты қызметкерлерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, архив мекемелерінің басшыларының қатысуымен «Қазақстандық архивтер: жаңару жолында» атты дөңгелек үстел болып өтті.


  • «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» көрме-дәрісі

    Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесе отырып дайындалған «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» атты көрме-дәрісі болып өтті.


  • Жазбаша мұрамен танысу

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі а.ж. 10 тамызында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына қатысып, «Ұлт мұрасы – Ұрпақ қазынасы» кітап көрмесінің экспозициясымен танысты.


  • Зиялы қауыммен кездесу

    Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде күннің бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен «Рухани жаңғыру – мәдени даму жолы» тақырыбында кездесу болып өтті, оның шеңберінде ислам тарихын, өнері мен мәдениетін Зерттеу орталығымен (ИРСИКА) көрме каллиграфия ұйымдастырылды.


  • Қазақстан Республикасындағы Швеция елшісі Христиан Камиллдың достық сапары

    Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығында а.ж. 13 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Швеция елшісі Христиан Камиллдың достық сапары болып өтті. Кездесу барысында Ұлттық орталықтың директоры Бикенев Рустам Төлегенұлы Христиан Камилл мырзаға қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының негізгі бағыттары мен болашағы туралы және Қазақстан мен Швецияның ғылыми, білім беру, архив және кітапхана мекемелері арасында алдағы ынтымақтастығының шетелдегі Қазақстанға қатысты жазба ескерткіштерін жинау, анықтау, туралы мәселелері талқыланды.


  • Байкалдағы тарихшылар форумы

    4-7 шілде аралығында Қолжазбалар және сирек кітаптар мен ұлттық орталығының қызметкерлері А. К. Хайруллина, Н.А. Әбілдинов, Д. Б. Мусина Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультеті ғалымдарының тобы құрамында Бурят Республикасының, Байкалда откен Бірінші халықаралық тарихшылар форумы жұмысына қатысу үшін экспедицияда болды.


  • Ереван қаласындағы халықаралық архивтік іс-шаралар

    2017 ж. 20-22 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі архив ісі және құжаттама Департаментінің директоры Мұстафина Алия Құсайынқызының басшылығымен, қазақстандық делегациясының құрамында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры - Бикенев Рустам Төлегенұлы - Армения астанасы Ереван қаласында өткен Халықаралық архивтер (ЕВРАЗИКА) кеңесінің XVIII-ші Жалпы Евро-Азиялық аймақтық бөлімшесінің конференция жұмысына қатысты.


  • «АСТАНА ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне арналады

    «АСТАНА ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына арналған іс-шаралар аясында а. ж. 10 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 мамыр 2017 жылғы № 321 (бұдан әрі – Ұлттық орталық) Қаулысымен құрылған, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа мекемесінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ тұсаукесері болып өтті.


  • «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» ғылыми-теориялық конференция

    2017 жылдың 25 мамырында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кітап көрмесі мен ғылыми жобалар таныстырылымынан тұратын IV Ұлттық тарихшылар конгресі болып өтті. Конгресс «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» атты ғылыми-теориялық конференциямен жалғасты. Жиынға отанымызға танымал ғалымдар, салалық ҒЗИ басшылары, облыстардағы белгілі мамандар, өлкетанушылар, тарихшылар, шетелдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.


  • Қазақстандықтардың рухани дамуы – архив құжаттарының айқын бейнесі

    2017 жылдың 24-25 сәуір күндері аралығында «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың міндеттері контекстінде архивтердің инновациялық болашағы» атты Республикалық семинар –кеңестің өткізілуіне белсене атсалысты.


  • Алаш қозғалысының 100-жылдығына арналған ғылыми - әдіснамалық семинар

    Соңғы кездері тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтайтын, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулып, патриоттық сезімдерін оятатын, ұлттық рухты көтеретін кездесулер мен семинарлар көп болғаны еңсемізді көтереді. Соның бірі Археография және деректану ұлттық орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетімен бірлесіп өткен Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің 100- жылдығына арналған «Алаш қозғалысының тарихи тәжірибесі және Қазақстан қоғамын жаңғыртудың өзекті мәселелері» жөнінде ғылыми-әдістемелік семинары 2017 жылдын 23 ақпанында өтті.


  • «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан»

    2017 жылдың 3 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Еуразиялық зерттеулер кафедрасымен бірлесіп өткен «Алаш» қозғалысының 100-жылдығына орай «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар болып өтті.


  • «О слухах и событиях в Средней Азии» құжаттар жинағының ТҰСАУКЕСЕРІ

    Тұсаукесер рәсіміне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының ПОҚ докторанттары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми кітапханасы, ҚР БЖҒ ҒҚ Мемлекет тарихы институты, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қатысты.


  • «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    2015 ж. 11 қыркүйегінде Астана қаласында Назарбаев университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Археография және деректану ұлттық орталығының директоры Л. Әбдірәсілова мен Орталық қызметкерлері қатысты.


  • Орталық мамандары Османлы мұрағатында

    2015 жылдың 25-29 мамыры аралығында Орталық директоры Л. Әбдірәсілова, Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды жинау және мәліметтер базасын жүргізу зертханасының бастығы К. Пәрімбекова мен осы зертхана маманы С. Құлманова Стамбул қаласындағы Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Османлы мұрағатына ғылыми-тәжірибелік іссапармен барып қайтты.


  • Даму жолына қарай 100 қадам

    2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті басшыларының қатысуымен ҚР Ұлттық мұрағатының ғимаратында Елбасы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жолындағы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып табылатын 100 нақты қадамы талқыланды.


  • Орталық директоры Л.Ә.Әбдірәсілованың 24 KZ телеарнасына берген сұхбаты 08.04.2015

    Орталық директоры Л.Ә.Әбдірәсілованың 24 KZ телеарнасында «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы берген сұхбаты


  • «Электрондық каталог» ақпараттық жүйесінің тұсаукесері. Астана 16.04. 2015

    2015 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ Қазақ хандығының 550 жылдығы іс шарасы аясында «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тұсаукесері өткізілді.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттары мен кітапханаларында (ХVІ-ХХ ғғ.)». VIIІ том.

    Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттары мен кітапханаларында (ХVІ-ХХ ғғ.)» ақпараттық анықтамалығының VIIІ томы жарыққа шықты.


  • Америкада сақталған шығыс қолжазба коллекцияларының каталогтары зерттелді

    Орталықтағы деректану зертханасының археографы, т.ғ.д., профессор Ж.М. Тулибаева 2014 жылдың 10 шілде мен 8 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Индиана, Чикаго, Гарвард университеттерінің кітапханаларына іссапармен барды.


  • Қазақстан тарихы Шығыс жазба ескерткіштерінде

    Орталықта «Арабографические источники по истории Казахстана» (Фонд Института востоковедения Академии наук Республики Узбекистан) ғылыми басылымы жарыққа шықты.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (ХІХ-ХХ ғғ.)». VII том. Ақпараттық анықтамалық.

    Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (ХІХ-ХХ ғғ.)» ақпараттық анықтамалығының VII томы ( І, ІІ бөлімдер) жарыққа шықты.


  • «Трагедия казахского аула. 1928 – 1934». 1 Т. Құжаттар жинағы.

    «Трагедия казахского аула. 1928–1934» құжаттар жинағының бірінші томы баспадан шықты.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. ІІІ шығарылым.

    Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» альманахының 3 шығарылымы жарыққа шықты.


  • Орталық қызметкерлері Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында

    2013 жылдың маусым айында Археография және деректану ұлттық орталығы қызметкерлері Б.Т Жанаев пен т.ғ.к. И.В. Ерофеева Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтау мақсатында Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатына (Элиста қаласына) ғылыми іссапармен барды.


  • «Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII – середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы

    Орталықта «Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII-середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып, баспадан шығарылды. Құрастырушылар: Ерофеева И.В., Жанаев Б.Т., Самигулин И.М.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. ІІ шығарылым.

    Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» алманахының ІІ шығарылымы жарыққа шықты. Құрастырушылар: Ерофеева И. В., Жанаев Б. Т., Самигулин И. М.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының V және VІ томдары жарыққа шықты.

    2012 жылдың аяғында Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының V және VІ томдары жарыққа шықты. Құрастырушылар: Жанаев Б.Т., Сатаева Ж.А., Пәрімбекова К.П., Руайда Б., Ерназаров А.Ә.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты

    2011 жылдың аяғында Орталықта «Электронды каталог» мәліметтер базасы негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты. Құрастырушылар: Әбдірәсілова Л.Ә., Жанаев Б.Т., Жүсіпов Е.Қ., Исахан Ғ.Т., Пәрімбекова К.П.


  • «“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы

    2011 жылы желтоқсанда Орталықта XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Жетісу тарихындағы қайғылы оқиғаға – төрт бірдей күшті жер сілкінісіне арналған «“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» атты құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып шығарылды. /Құрастырушы: И. М. Самигулин. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. І шығарылым

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» альманахының І шығарылымы жарыққа шықты. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «Археология Семиречья. 1857-1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы

    2011 жылғы қазан айында Орталықта «Археология Семиречья. 1857-1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы басылып шықты. Құрастырушы: И.М. Самигулин. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «Электронды каталог» ААЖ

    2011 жылдың тамыз айында автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді және «Электронды мұрағат» атауы халықаралық стандартқа сай «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып өзгертілді.


  • Қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды деректерді қамтитын қолжазбалар

    2011 жылы шілдеде «Рукописи по истории Казахстана ХVІІ-ХХ вв. в собрании Института востоковедения АН РУз». Книга 2. және «ХІІІ-ХVІ ғғ. Қазақстан тарихына қатысты қолжазбалар (Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорынан)» (Ж.М. Төлебаева /Қазақ тіліне аударғандар: Л.Ә. Әбдірәсілова, О.Т. Сарыбеков) ғылыми-әдістемелік еңбектері басылып шықты.


  • «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» ғылыми журналы

    2011 жылдың маусым айында Орталықта «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» /«Известия национального центра археографии и источниковедения» атты 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) шығатын жаңа ғылыми журнал жарыққа шықты.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының І және ІІ томы жарыққа шықты.

    2010 жылы тамызда Орталықта «Электронды мұрағат» мәліметтер базасы негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының І және ІІ томы жарыққа шықты. Құрастырушылар: Жанаев Б.Т., Жүсіпов Е.Қ., Исахан Ғ.Т., Пәрімбекова К.П.