Тіркелу   Забыли пароль?


Жаңалықтар




  • «О слухах и событиях в Средней Азии» құжаттар жинағының ТҰСАУКЕСЕРІ

    Тұсаукесер рәсіміне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының ПОҚ докторанттары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми кітапханасы, ҚР БЖҒ ҒҚ Мемлекет тарихы институты, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қатысты.


  • «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    2015 ж. 11 қыркүйегінде Астана қаласында Назарбаев университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Археография және деректану ұлттық орталығының директоры Л. Әбдірәсілова мен Орталық қызметкерлері қатысты.


  • Орталық мамандары Османлы мұрағатында

    2015 жылдың 25-29 мамыры аралығында Орталық директоры Л. Әбдірәсілова, Қазақстанға қатысты шетелдегі мұраларды жинау және мәліметтер базасын жүргізу зертханасының бастығы К. Пәрімбекова мен осы зертхана маманы С. Құлманова Стамбул қаласындағы Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Османлы мұрағатына ғылыми-тәжірибелік іссапармен барып қайтты.


  • Даму жолына қарай 100 қадам

    2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті басшыларының қатысуымен ҚР Ұлттық мұрағатының ғимаратында Елбасы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жолындағы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып табылатын 100 нақты қадамы талқыланды.


  • Орталық директоры Л.Ә.Әбдірәсілованың 24 KZ телеарнасына берген сұхбаты 08.04.2015

    Орталық директоры Л.Ә.Әбдірәсілованың 24 KZ телеарнасында «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы берген сұхбаты


  • «Электрондық каталог» ақпараттық жүйесінің тұсаукесері. Астана 16.04. 2015

    2015 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ Қазақ хандығының 550 жылдығы іс шарасы аясында «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тұсаукесері өткізілді.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттары мен кітапханаларында (ХVІ-ХХ ғғ.)». VIIІ том.

    Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттары мен кітапханаларында (ХVІ-ХХ ғғ.)» ақпараттық анықтамалығының VIIІ томы жарыққа шықты.


  • Америкада сақталған шығыс қолжазба коллекцияларының каталогтары зерттелді

    Орталықтағы деректану зертханасының археографы, т.ғ.д., профессор Ж.М. Тулибаева 2014 жылдың 10 шілде мен 8 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Индиана, Чикаго, Гарвард университеттерінің кітапханаларына іссапармен барды.


  • Қазақстан тарихы Шығыс жазба ескерткіштерінде

    Орталықта «Арабографические источники по истории Казахстана» (Фонд Института востоковедения Академии наук Республики Узбекистан) ғылыми басылымы жарыққа шықты.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (ХІХ-ХХ ғғ.)». VII том. Ақпараттық анықтамалық.

    Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (ХІХ-ХХ ғғ.)» ақпараттық анықтамалығының VII томы ( І, ІІ бөлімдер) жарыққа шықты.


  • «Трагедия казахского аула. 1928 – 1934». 1 Т. Құжаттар жинағы.

    «Трагедия казахского аула. 1928–1934» құжаттар жинағының бірінші томы баспадан шықты.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. ІІІ шығарылым.

    Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» альманахының 3 шығарылымы жарыққа шықты.


  • Орталық қызметкерлері Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында

    2013 жылдың маусым айында Археография және деректану ұлттық орталығы қызметкерлері Б.Т Жанаев пен т.ғ.к. И.В. Ерофеева Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтау мақсатында Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатына (Элиста қаласына) ғылыми іссапармен барды.


  • «Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII – середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы

    Орталықта «Путевые дневники и записки российских чиновников и исследователей о Казахской степи XVIII-середины XIX века» құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып, баспадан шығарылды. Құрастырушылар: Ерофеева И.В., Жанаев Б.Т., Самигулин И.М.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. ІІ шығарылым.

    Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» алманахының ІІ шығарылымы жарыққа шықты. Құрастырушылар: Ерофеева И. В., Жанаев Б. Т., Самигулин И. М.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының V және VІ томдары жарыққа шықты.

    2012 жылдың аяғында Орталықта «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының V және VІ томдары жарыққа шықты. Құрастырушылар: Жанаев Б.Т., Сатаева Ж.А., Пәрімбекова К.П., Руайда Б., Ерназаров А.Ә.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты

    2011 жылдың аяғында Орталықта «Электронды каталог» мәліметтер базасы негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының ІІІ және ІV томдары жарыққа шықты. Құрастырушылар: Әбдірәсілова Л.Ә., Жанаев Б.Т., Жүсіпов Е.Қ., Исахан Ғ.Т., Пәрімбекова К.П.


  • «“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы

    2011 жылы желтоқсанда Орталықта XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Жетісу тарихындағы қайғылы оқиғаға – төрт бірдей күшті жер сілкінісіне арналған «“И вздрогнула земля…”: Из истории землетрясений в Семиречье. 1885–1912 гг.» атты құжаттар мен материалдар жинағы дайындалып шығарылды. /Құрастырушы: И. М. Самигулин. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «История Казахстана в документах и материалах» альманахы. І шығарылым

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Орталықта «История Казахстана в документах и материалах» альманахының І шығарылымы жарыққа шықты. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «Археология Семиречья. 1857-1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы

    2011 жылғы қазан айында Орталықта «Археология Семиречья. 1857-1912 гг.» құжаттар мен материалдар жинағы басылып шықты. Құрастырушы: И.М. Самигулин. Жауапты редактор: Б.Т. Жанаев.


  • «Электронды каталог» ААЖ

    2011 жылдың тамыз айында автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді және «Электронды мұрағат» атауы халықаралық стандартқа сай «Электронды каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып өзгертілді.


  • Қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды деректерді қамтитын қолжазбалар

    2011 жылы шілдеде «Рукописи по истории Казахстана ХVІІ-ХХ вв. в собрании Института востоковедения АН РУз». Книга 2. және «ХІІІ-ХVІ ғғ. Қазақстан тарихына қатысты қолжазбалар (Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорынан)» (Ж.М. Төлебаева /Қазақ тіліне аударғандар: Л.Ә. Әбдірәсілова, О.Т. Сарыбеков) ғылыми-әдістемелік еңбектері басылып шықты.


  • «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» ғылыми журналы

    2011 жылдың маусым айында Орталықта «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» /«Известия национального центра археографии и источниковедения» атты 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) шығатын жаңа ғылыми журнал жарыққа шықты.


  • «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» ақпараттық анықтамалығының І және ІІ томы жарыққа шықты.

    2010 жылы тамызда Орталықта «Электронды мұрағат» мәліметтер базасы негізінде «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында /История Казахстана в зарубежных архивах» ақпараттық анықтамалығының І және ІІ томы жарыққа шықты. Құрастырушылар: Жанаев Б.Т., Жүсіпов Е.Қ., Исахан Ғ.Т., Пәрімбекова К.П.