Тіркелу   Забыли пароль?


Ұлттық орталықтың журналы




 Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары»

журнал

Археография және деректану ұлттық орталығында 2011 жылдан бастап «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» атты ғылыми журнал шығады. Шығу мерзімі – тоқсанына 1 рет. 3 тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығады.  Журнал Қазақстанға және шетелдерге таратылады.

2011 жылы ақпанда журнал мемлекеттік тіркеуден өтіп, наурызда Халықаралық идентификациялық нөмір (ISSN 2221-8521) берілді.

Журналдың тұрақты айдарлары:

  •     «Халық тарих толқынында» Мемлекеттік бағдарламасы (Государственная программа «Народ в потоке истории», The State Program «Nation in the flow of history»)
  • Қазақстан мұрағаттары (Архивы Казахстана, Kazakhstan Archives)
  • Шетел  мұрағаттары (Зарубежные архивы, Foreign Archives)
  • Шығыс мұрағаты (Восточный архив, Oriental Archive)
  • Деректану (Источниковедение, Source Studies)
  • Руханият тарихы (История духовной культуры, History оf Spiritual Culture)
  • Тарих (История, History)
  • Интернет ресурстар (Интернет ресурсы, Internet Resources)
  • Біздің кітаптарымыз (Наши книги, Our Books)
  • Рецензиялар (Рецензии, Reviews) 

 

Журнал бетінде мұрғаттану, археография, деректану саласына, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қатысты материалдар, оның ішінде шығыс қолжазбаларынан аудармалар, Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының қызметі жайында ақпараттар жарияланады.

Журналдың міндеттері: мұрағаттардың басты қызметтерінің бірі болып табылатын құжаттық мұраларды жариялау, қоғамның мұрағаттық ақпараттық ресурстарға қажеттілігін қанағаттандыру, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жиналған жаңа мұрағат құжаттарын жариялау және ғылыми айналымға енгізу, археография және деректану, мұрағаттану бойынша маңызды мәселелерді қозғау, пікірталас жүргізу, алыс-жақын шетелдердегі әріптестермен, ғалымдармен ғылыми байланыс орнату болып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрамына Орта Азия, Ресей, Европа, Америка және Жапония ғалымдары кіретін халықаралық редакция алқасы құрылды.

Редакция алқасының құрамы: Қазақстаннан (9 адам), Ресейден (1 адам), Қырғызстаннан (1 адам), Өзбекстаннан (1 адам), Италиядан (1 адам), Япониядан (1 адам), АҚШ-тан (1 адам).

Журналдың алқа мүшелері қазіргі Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты жарияланымдарымен ғылыми әлемде белгілі ғалымдар саналады.

Журнал тарихшылар мен мәдениеттанушыларға, мұрағатшыларға, студенттерге, оқытушыларға, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

 

Мақала журналда тегін басылады. Мақаланы төмендегі мекенжайға жіберуге болады:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12.

Тел.  8 (7172) 44-63-71, 44-62-87

Е-mail:  nc-ais@mail.ru

Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 4/2016
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 3/2016
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2/2016
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2016
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 4/2015
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 3/2015
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2/2015
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2015
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 4/2014
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 3/2014
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2/2014
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2014
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 4/2013
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 3/2013
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2/2013
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2013
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 4/2012
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 3/2012
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2/2012
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2012
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 2-3/2011
Журнал «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» 1/2011