Тіркелу   Забыли пароль?


2012/3. 29-39 б. Көшкінбаев. О.І. «Ақмола облысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы құжаттық деректер». «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» журналы.




АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР

 

Орал Көшкінбаев

Археография және деректану ұлттық орталығы

Деректану, әдістемелік зерттеу және ғылыми басылымдар зертханасының бастығы

 

 

Отыз сегіз ел қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс тез дамып келе жатқан Ресей, Германия сынды елдердің әлемді қайта бөлісуге ұмтылысынан туған еді. Ресей бұл соғысқа 1914 жылғы 30 шілдеде кірісті. Алғашында орыс әскерлері австриялықтарға қарсы табысты қимылдағандарымен, кейін Түркияның Германия жағында соғысқа кірісіп, Дарданелл бұғазын жауып тастауы Ресей экономикасын үлкен қиындықтарға ұшыратты. Өз кезегінде бұл, әрине, майдандағы жағдайға әсерін тигізеді. Майдандағы сәтсіздіктер қосымша адам күші мен материалдық ресурстарды талап етті. Қазақстанда да арнайы соғыс салығы енгізілді. Бұдан басқа түрлі «қайырылымдық салықтары» алынды. Айталық, соғыстың үш жылы ішінде Түркістан өлкесінде 70 мың жылқы, 12,7 мың түйе және 13 мың киіз үй әкетілсе, ал Жетісу өлкесінен 34 миллион сомның малы мен мал шаруашылығы өнімдері жиналған. Қазақтарды майданға қазақ жері арқылы өткен әскерлерді тегін тамақтандыруға, одан қалды әскерге алынған қоныс аударушылар орнына егіншілік жұмыстарымен айналысуға міндеттеді. Осының бәрі жаппай наразылық тудырып, 1915 жылдың ортасына қарай қазақтар «қайырымдылық салықтардан», егіншілік жұмыстарға жегілуден бас тарта бастаған еді. Ал майдандағы жағдай шиеленісе түсті. Адам күшіне қаншалықты мұқтаж болғанымен патша өкіметі «сенімсіз бұратаналарға» қару ұстатқысы келмеді. 1916 жылғы 25 маусымда патша Қазақстанның, Орта Азия және Сібірдің кейбір «бұратана» халықтары арасынан  19 бен 43 жас аралығындағы азаматтарды тыл жұмыстарына алу жөнінде жарлыққа қол қойды. Барлығы 400 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Мұның соңы бүкіл қазақ даласын қамтыған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуіріндегі саяси маңызға ие болған Атбасар, Ақмола уездеріндегі халықтың бойындағы тарихи сананың серпілісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде анық байқалды. 1916 жылғы қазақ даласын қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың маңызды күрес ошақтарының бірі ретінде Атбасар, Ақмола, Қорғалжын өңірлеріндегі көтерілістер туралы мұрағаттардан табылған деректерді оқырманның назарына ұсынып отырмыз.

 

Ф. 2300, Оп. 8, Д-18 (ГАРФ Ф. 102 4 Д-во 1916 ж., Д. 130 ч. 2-130 ч. 11)

 Омбы епархиясы, Атбасар уезі, Ладыженко сиыну үйі священнигінің жедел хабарламасы: 20 шілде 1916 жыл қазақ зиялылары маған мобилизация болған жағдайда қазақ халқы өз мүдделерін қорғау үшін көтерілетіндіктерін хабарлады. Мен мұны естіп бұл жөнінде қарапайым қазақтардан анықтап сұрастыра бастағанымда: Н-Ишимск, Терісаққан, Курск, Ладыженко (Атбасар уезі) поселкелері, Атбасардағы қазақ халқының мобилизация болған жағдайда көтеріліске шығуға дайындалып жатқандығы анықталды. Көтерілісті алғашқы болып Ұлытау, Атбасар уезінің қазақтары бастайды.

 

Телеграмма. Ішкі істер министрінің атына генерал Сухамлиновтан.

Іс 31 шілде 1916 ж.

«Семей уезінде 25 шілде күні қаруланған қазақтар тобының шақыруға қарсылық көрсетіп, қарауылға шабуыл жасағанын, жақын келген казактар взводы қарауылды босатып алып, топты таратып жібергендігін, қазақтардың бес ауыр жараланғандарын қалдырып кеткенін, казактарда адам шығынының жоқ екенін, қалғандарының құпия барлаудың анықтауы бойынша жеті мыңдай қазақтар тобы бар оңтүстікке, Балықты көліне бағыт алғанын хабарлаймын».

 

Қазақ тәртіпсіздіктерін қоздырушы, арандатушылардың тізімі.

 

1. Құсайын Байданашев

2. Молдабай Байдараков

3. Тұран Тілемісов

4. Нұрпейіс Тасенбеков

5. Мұхамеджан Шуртулаев

6. Мұхамеджан Тоқанов

7. Жафаржан Кошуков

8. Ноғұман Уранкинь

9. Оспан Жүсіпов

10. Әбен Шақаев

11. Жантас Минуспаев

 

Ақмола губернаторы Масальскидің Полиция департаменті директорына телеграммасы. 1916 ж. тамыз:

 

Атбасар уезінде қазақтардың толқуы Петропавловскіден де көлемдірек, немістердің қатысуымен қазақтарды жұмысқа емес, әскери қызметке шақыру туралы сыбыстар тараған көрші Ақмола уезінен ауысқан. Мұнда Бармалы шатқалында басқарушы мен съездің көшпелі сессияларының мүшелерін соққыға жығып, жарақаттап, өліммен қорқыту, қазына мүлкін тонау, шақырушылар тізімдерін жою сияқты шабуылдар жасалған.

 

ГАРФ., Ф. 102. 4 Д-во

Оп. 126, 1916

Д. 130. ч. 2

Л. 207, кол/во кадров 258

 

Омбыдан телеграмма генерал-губернатор Сухамлиновтан Ішкі істер министріне 1916 жылы 18 шілдеде жіберілді. 1916 жылы 19 шілдеде қабылданды.

 

Ақмола облысында қазақтардың жұмысқа шақыруға наразылығының аясында мынадай тәртіпсіздіктер орын алды: Ақмола уезінде барлық болыстардың қазақтары балталармен, мылтықтармен қаруланып, далада ауқымды мөлшерде жиналуда, жұмысқа бармайтындарын, қарсылық көрсететіндіктерін ашық жариялауда. Бурабай шатқалында көтеріліс болып, сондағы жасауыл Иванюшкин қазақтардың қолынан қаза тапты. Атбасар уезінде Алексеев басқарушысы Джум жиналған қазақтар тобының қолынан жараланды, оның хатшысы мен кездейсоқ қасында болған оқушысы Тарчевскилер соққыға жығылған, басқарушының құжаттар, ақша салынған жәшігі бұзылған. Петропавл уезінде Қаратал болысының қазақтар болыстық кеңсені қиратып, басқарушысын тұтқынға алып, белгі, мөр, ақшаларды тартып алған. Аймақ жағдайының қауіпті екенін мойындаймын. Облыстардың көлемі, үлкен арақашықтықтар, атты бөлімдердің жетіспеушілігі қазақтар арасында пайда болған толқулармен күресті қиындата түсуде. Тәртіпсіздіктерді басу мен орыс халқын қорғаудың ықтимал шаралары басшылыққа алынды. Барлық бөлім атамандарына станицалардан азаматтық билікке көмекке жәрдемші казактарды жіберуге бұйрық бердім. Облыс басқарушысы жолға шығып кетті.

Акмола-№ 4640.

 

          Телеграмма

Петроград әскери министрілігіне,

189/Омбыдан 01785.221/216.16/7.20.10. әскери жағдай бойынша

Сіздің Жоғары мәртебіңізге 25 маусымдағы жұмыс үшін бұратаналарды тарту туралы Аса жоғары жарлықтың кейбір жерлерде толқулар мен билікке қарсы әрекеттердің тууына себепші болғанын хабарлаймын. Бұратаналар шоғырланған негізгі жерлерде толқу келесі көрініске ие: бірінші Өскемендегілер жұмысқа барудан бас тартып, кейбір старшындарды соққыға жыққан, бірақ Аса жоғары жарлықты түсіндіріп және насихаттағаннан кейін өздерінің қателескендерін мойындап, Патшаның жарлығын орындауға толықтай дайын екендіктерін білдірді. Екінші Зайсан уезінде қазақтар далаларды, мүліктерді, жыртылған жерлерді, шабындықтарды тастап, тосқауыл қоюшы казактарға қарсылық білдірген, жартысы өтіп кеткен шекараға жаппай қашуда. Көкпектіде қалалық жылқы табынын айдап кеткен. Үшінші Семей уезінің кейбір қыстақтарында қазақ старшындардың лауазымдық белгілерін, мөрлерін тартып алып, соғыста мерт болудан қауіптеніп, жұмысшылар беру талабына бағынуды толықтай қаламайтындықтарын білдірді. Барлық малдарды мыңдаған шақырым жерлерге айдап алып кетіп, қарсылық көрсететіндерін ашық жариялауда. Менің тарапымнан келесі шаралар жүзеге асырылды: 1) Шарасумэ кобдо чугучак консулдарына Қытайға, Монғолияға қайта көшіп брушыларды және шекара сыртында жасырынып жүргендерді өз жерлеріне орналастыруды бақылау шаралары телеграфпен жолданды. 2) Шарасумэ отрядтарына қайта көшіп келушілерді өткізбеу жөнінде телеграфпен хабарланды.3) Зайсанның жүздеген казактары бекеттерге аттандырылды. 4) Омбының жүздігі Семей губернаторының қарамағына іссапарға жіберілді. 5) Шарасумэден Зайсанға бағыт алған ауыстырушы казактарды кешіктіру бұйырылды. 7) Гарнизондардың барлық бастықтарына азаматтық билікке толықтай жәрдем көрсетуге бұйрық берілді. 20482.

 

Сухамлинов

Телеграмма Омбының Губернаторынан Полиция Департаментінің атына

№ 02124

Берілді: 19 шілде 1916 ж. сағ. 10: 25 м.

Қабылданды: 1916 ж. сағ. 2

1607 қосымша.

Қазақтардың жұмысқа шақыруға наразылықтарының аясында тәртіпсіздіктер орын алды. Петропавл уезінде қазақтар медициналық куәландыруға келуден бас тартып, ең алдымен өз өкілдерінің егістік жұмыстары аяқталғанға дейін шақыруды ауыстыру туралы өтініштерін орындауды талап етті. Келген өкілдерге сенімділерге беру міндетімен тиісті түсініктеме берілді. Сол уездің Қаратал болысының қазақтары басқарушы кеңсесінің тас-талқанын шығарып, басқарушыны жаралап, белгісін, мөрін, ақшаларын тартып алған. Ақмола уезінде найза, балта, мылтықтармен қаруланған қазақтар топтарға жиналып, қарсылық көрсетіп, жұмыстарға бармайтындарын ашық түрде жариялауда. Бурабай шатқалындағы тәртіпсіздіктер кезінде жасауыл Иванюшкин қазақтар қолынан қаза болды. Атбасар уезінің Бармалы шатқалы даласында 6 шілдеде съездің қазақтарды жұмысқа шақыру Аса жоғары әмірінің шаруа бастықтарын жариялағаннан кейін, қазақтар қолдарына пышақ алып съезд шенеуніктеріне шабуыл жасап, өліммен қорқытып, кейбір шенеуніктерді, басқарушыларды, хатшыларды, соққыға жығып, мүліктерін тонап, отбасы бойынша тізімдерді, кеңсе істерін жойып жіберген. Топ «өлсек те бармаймыз» деп айғайлап, жұмысқа шақыруды тоқтатуды талап етті. Шаруа халық шабуылға ұшырау қаупінен өте мазасыз болып отыр. Ақмола уезінде уезд бастығы полиция командасымен қатар қырық адамнан тұратын ерікті жалданбалы казактар отрядын ұйымдастырған. Әскери қолбасшысы бүгін Ақмолаға жүздеген казактарды жіберіп, станица, ауыл бөлімдерінің атамандарына азаматтық билікке әскери күшпен жәрдем беруге өкім шығарды. № 1627

За Гра Петржевич.

 

1916 жылғы 19 шілдедегі № 4312 телеграммаға қосымша (хабарлама)

 

Омбы Жандарымдық Басқармасының бастығына «18 шілдеде Омбы қаласына Петропавл уезінің: Тайыншалы-8 адам (әр ауылдан бір адамнан), Полуденской-10 адам, Джемантульный-6 адам, болыстарынан және Омбы уезінің Қызылғақ болысынан 14 адам қазақ халқының өкілдері келді». Олардың барлығы губернаторға қазақтарды әскерге жұмыс үшін шақыруды ақшалай борыштылықпен ауыстыруды немесе жұмысқа алуды нан мен шөпті жинап алуға мүмкіндік беретіндей кідірте тұруды сұраған өтініштер берді.

Менің қатысуыммен барлық өкілетті ақсақалдарға (өкілетті сыйлы тұлғалар, сенімге ие) Аса жоғары әмірді өзгерту мүмкін емес екендігі және басқаша айтқанда сол әмірге бой ұсынуға тура келетіндігі түсіндірілді. Ақсақалдар мәлімдемені тыңдады, сонымен қатар оларға Генерал-губернатордың атынан қазақ тілінде дайындалған басқаша хабарландыру берілді.

Шынында да олар қазақтар Аса жоғары әмірге бағынатындықтары және жасақтарда жұмыстарымен ғана емес, сонымен бірге әскер қатарында қызмет етуге дайын екендіктерін білдіріп губернатордың атына жіберген телеграммаларында көрсеткендей Петропавл уезіне оралғаннан кейін қазақ халқын сабасына түсірді.

 

1916 ж. 25 тамыздағы Ақмоладан Полиция Департаментінің Директорының атына жіберілген Губернатор міндетін атқарушысы телеграммасының көшірмесі.

 

«Станицалық жасауыл Иванюшкин қазақтардың қолынан қаза тапқан. Құланөтпеске Бармалы шатқалына келдім. Екі, үш автомобильмен жұмысқа шақыру туралы әмірге бағынудан бас тартқан және бірқатар шабуылдар жасап, жасауылды өлтірген қазақтардың жиындары қай жерде орналасқанын анықтау мақсатында Қорғалжынның маңайын аралап шығуды ұсынамын. Тапқаннан кейін басшылары мен кісі өлтірушіні, бар қаруларын беру туралы шешуші талап қоямын, бас тартқан және бағынбаған жағдайда қару қолданамын». Осындай мақсатта мен шағын отрядпен полиция шенеунігін Оңтүстікке Сұлукөлге жөнелтіп, менің отрядпен шексіз даладағы қозғалысымнан көшіп кеткен қазақтар бөлініп, бір бөлігі бағынатындықтарын, өздерін кешіруін сұрап жатқандықтары туралы мәліметке ие болдым. Бармалыдағы 22 лагерь.

Қол қойған: Губернатор міндетін атқарушы, Кеңес мүшесі Масальский.

 

Ф. 102, 4 Д-во

Оп. 126. 1916

Л. 264-265

Д. 130 ч. 2 т. 2 кол. Кадров 297

Омбыдан Омбы Әскери округінің Штабының бастығынан Бас Штабтың бастығына

1916 жылғы 27 тамыздағы № 24945

Сіздің Аса мәртебеңізге хабарлаймын Ақмола ауданында Қорғалжын көліне жіберілген отряд 22 тамызға қарай Құланөтпес өзеніндегі Қорғалжын көлінің оңтүстігінде он шақырымдай жердегі Бармалы шатқалын алды. Қазақтар мүліктерін тастап қашуда. Атбасар ауданында да қазақтар күзеттік айырықтарға жасырынып, Оңтүстікке қарай шегінуде. Азаматтық биліктің талабы бойынша отрядтан әр түрлі бағытта шағын командалар жерлерді тексеруге және қажетті тұтқындауларды жүзеге асыруға жіберілді. Өзге аудандарда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. 24945. Барон Таубе.

 

ІІД хатынан

Облыстық басқарма бойынша

Ақмола губернаторы  Полиция департаментіне

 

«Бұратаналарды әрекет етуші әскер тылының жұмыстарына реквизициялау туралы заң қазақтарды ақылынан адастырды және олардың бойында күдік тудырды. Қазақтарды жұмыс істеу үшін емес, соғысуға алып жатыр деген сыбыстар тарай бастады. Қара халық арасында адасушылық басталды. Қазақтар туысқандарымен қоштасуды сылтауратып параходтарда, кемежайларда, темір жолдарда және мал өсіру шаруашылықтарында жұмыстарын тастап кете бастады. Ақмола уезінде қазақтар қоныстарын тастап малдарымен далаға кете бастады. Қалың топтар жұмысқа шақыруға бағынғысы келмейтіндіктерін ашық жариялауда». Сол жылдың 16 шілдесіндегі телеграфтық хабарлама № 1606.

Ақмола уезі-қазақтар 21 шілдеде Омбы қаласында Дала Губернаторы арқылы Патша Императордың атына қазақтарды әскерге жұмысқа тарту берілген жеңілдіктердің күшін және әскери борышты өтеуге жалпы негізде басқа халықтармен тең дәрежеде тартуды жоюмен тең деп танылатынын; шын бағыныштылар ретінде соғыстың барлық қиындықтарын шын көңілмен бөлісетіндіктерін, бірақ бақташылық тұрпатта өмір сүре отырып, ауыр еңбекке қабілетсіз екендіктерін, сол себепті аталған жұмыстар оларға қорқынышты және ауыр болып көрінетіндігі, және сол жұмыстардан босау үшін өздерінің барлық игіліктерін соғыс үшін құрбан ететіндіктерін білдірген телеграмманы берді. Сонан соң, егер 19-дан 43 жасқа дейінгі қазақтар реквизицияланатын болса, онда бұл қазақтардың түгелдей кедейленуіне әкеліп соғады, өйткені дәрменсіз қарттар, әйелдер және балалар өлімге душар болады; осы ойлардың барлығы бұқара халықты күшті толқуға алып келгенін және қазақ халқын реквизициялық тәртіпте жұмысқа шақыру туралы өкімнің күшін жоюды сұрауға мәжбүр еткендігін; бұл жұмылдыруды ақшалай салықпен ауыстыруды және қазақтар арасындағы еріктілерге өз еріктерімен осы жұмыстарға баруға жол ашуды айтқан.

Телеграммаға қол қойған уәкілетті Молдабай Байұзақов.

 

Ф. 102. 4 Д-во, 1916

к.11

Оп. 130 ч. 2-130 ч. 11

Ақмола облысы

25 шілде Қорғалжын көлінің қасында Явленское және Кубыш шатқалында топ жиналуда.

14 тамызда қазақтардың 10 мыңға жуық тобы Қорғалжын көлінің маңындағы Күре өзеніндегі орыс ауылдарына қауіп төндіруде; қазақтардың негізгі бөлігі Алутауда. Сыбыстар бойынша неміс колонистері қару жеткізіп беруде.

 

Қ. 2100 Қ. 2300

Тізім. 9 Тізім. 8

Іс. 9 Іс. 19

1072 кадр 1099 кадр

 

Құпия телеграмманы талдаудан Омбыдағы облыс басқарушы Ниязовтан полиция әкімшілігінің атына.

 

Жіберілді 25 маусым 1916 № 458

Жіберілді 26 маусым 1916

 

1617 нөмірге қосымша. Омбы, Петропавл, Ақмола уездік жерлерін айналып шығу. Қазақтардың дала қойнауына көшіп кетуі жұмысқа шақырудан жалтару еді. Ақмоладан сексен шақырымда төрт жүзге жуық сойылдармен қаруланған атқа қонған қазақтарға тап болдым. Қазақтарды қандай жұмысқа шақыратынымды жеке түсіндірдім, олардың арасындағы таралып жатқан әскери қызметке шақыру туралы өтірік әңгімелерге сенбеңіздер деп сендірдім, егер бойұсынбаса ауыр жауапкершілікті сілтедім. Жергілікті қазақ қайраткерлермен сұхбатымда қазақтардың кикілжіңі отаршыл немістердің ықпалынсыз жүзеге асып жатқандығына көзім жетті. Кең далада уездік полицияның, қарауылдың жоқтығы көші-қонға кедергі болуда. Наразылықтың ушығуынан қазақтар Қорғалжын көлінің маңында қаруланып жатыр. Он екі мыңға дейін жиналған адамдар көсем сайлады. Менің баяндауым бойынша әскери Қолбасшы іссапармен Ақмолаға бейберекетсіздікті басу үшін казак отрядын жіберді. Атбасар уезд басшысынан хабарлама: қазақтар үлкен топпен шаруалардың ауылдарында жүріп, өздерінің қаны қызу көрінеді, тірідей соямыз деп қорқытады. Тез арада жүз казак жіберілді. № 1674.

 

11 қыркүйек

Ақмола ауданында Мамай көліне жіберілген отряд қайтып келді, ол жерде қазақтар Оңтүстікке қарай Саналы өзеніне өтті, барлаушылық тек қана бейбіт ауылдарды тапқан, ізінен Ақмола отряды 6-шы қыркүйекте ары қарай Батысқа қозғалып, 9-шы қыркүйекте Теңіз көлінен Оңтүстік Батысқа 40 шақырымында Қажырлы шатқалынан орын алуы тиіс. Одан соң азаматтық билікке байланысты талап етілсе, жіберіледі. Қосағаш ауданына 713-ші жасақ ротасы Бийсктен шықты, бірақ жарты жасақ Теңге және Устькоискке кетті. Басқа аудандарда өзгеріссіз қазақтар сырттай тыныш.

 

17 қыркүйек

Атбасар ауданының жол айырығында 40 казак Желқалғанға жөнелтілген. Қарсақпайдан Шығысқа қарай 60 шақырымда 300 адамға жуық қаруланған қазақтардың тобырын кездестірдім. Қайсысын жол айырықта қоршауға алып, оқ аттық, жол айырықтағы қазақтар оқпен таратылды. Олардың екеуі мерт болды, бірнешеуі жараланды, жетеуі құрықталып, қалғандары көзден ғайып болды, казактарда шығын жоқ; Жол айырықпен бір болыс басқарушысынан кеңсені бірге алдық. Атбасар отряды Қаражер шатқалына бет алды, мәлімет бойынша ол жерде қазақтардың негізі шоғырланған Ұлытаудың маңында ұсталған екі керуен ұнмен бірге керуен басқарушысын бүлікші қазақтарға жіберген болатын.

Тұтқындадық. Павлодар ауданында қазақ жиыны Екібастұзбен Ақмоланың шекарасында жиналады, қазақтар қазына сұлысының тасымалына кедергі келтіруде және Екібастұз зауытына қауіп төндіруде. Бұрынғы аудандар еш өзгеріссіз.

 

19 қыркүйек

Атбасар отряды пулемет алысымен Қаражер шатқалына қозғалады, қай жерде он қазақ болыстары топталған, сол жақтан отряд Сарысудың жоғарысымен, Жақсықой өзенінен Оңтүстікке Ақмола отрядының қысымымен шегініп жатқан қазақтарды қоршауға алу үшін жүріп кетті. Басқа аудандар өзгеріссіз. Губернатор Маслек қазақтармен айқас басында ол төменгі шенеуніктер бұрынғы көлік күзетшілеріне көрінген салт аттыларға оқ жаудырсын деген бұйрығын берген. Оның тұсында он бес рет атыс жасалынды, салт аттылар жол айырықта көрінді, екі ат жеңіл жараланған еді.

 

20 қыркүйек

Қазақтарды шақыру сәтті жүріп жатыр және олар әскери ведомствоның тапсырысына келе бастады. Ақмола отряды Қошорлы шатқалына қозғалды. 7-ші қыркүйекте Жақсықой және Керей өзендердің арасында қазақтардың төрт ауылын тұтқындау кезінде, бір ауыл қарулы қарсылық көрсетті және жолайырықтарын басып алу әрекеттерін жасайды, оларды қоршап басымдықпен жаншыса, жолайырықтар оқ атады. Ондағы қаза болған және жиырмаға жуық қазақ жараланды, төрт ақсақал, табын жылқы және ірі қара малдар қолға түсті. Барлық тұтқындалғандар уезд басшысына тапсырылған. 8-ші қыркүйекте үш қазақ қолға түсті, оның ішінде көтерілістің ең ықпалды басшыларының бірі Долобай Майнуков. 9-шы қыркүйекте отряд Қажырлы шатқалын алады, ол жерде бірнеше қазақ тұтқындалды. Ал ақсақалдар болса барлық талаптарды орындауға дайын екендіктерін білдіреді. 10-шы қыркүйекте отряд Керей өзенінің бойымен жүріп кетті, ол жерден Жақсықой өзеніне Атбасар және Ақмола уездерінің шекарасына өтеді. Сарысудың жоғары бойына қозғалып, қоршау үшін Атбасар отрядына жақындады (11-405).

 

11 қыркүйек

Ақмола отряды 13-ші қыркүйекте Жақсықой өзеніне жетті, ол жерде он бір қазақ ауылын тапты. Сондықтан тұтқындардың көрсетуінше олардың бес болысы Атбасар ауданына шығып Шұбаркөл өзеніне кеткен. Барлаушылар Жақсықойдың жоғарысынан Ақмола ауданының қазақтарын да өзенге беттегінін анықтады.

 

Ақмола облысы

17 тамызда жалған хан атанған Нұрлан Қияшевті ұстау үшін отряд жіберілді. Болыстар бойынша қазақтар бағынатындықтарын білдіруде.

20 тамызда жаппай тінту кезінде дала поселкелерінен айбалталар мен тапаншалар тартып алынып, 4 колонист-неміс пен диірменінде жасырынып тұрып жатқан, далада жұмысқа жалдауды сылтау етіп жүріп-тұрған, құпия неміс азаматы техник Рек табылған, еврей Ривкинь тұтқынға алынды. Сонымен қатар қазақ киімін киген колонист Гува тұтқынға алынды. Далада көптеген қазақтар бағыныштылығын білдіруде. 18 тамызда орыстарға қарсы ашық қарсылық білдіру тоқтады, бірақ жасырын жылқы ұрлау жиілеп кетті, соған қарсы шаралар қолданылуда. Қазақ көтерілісшілеріне ұн мен ақша жеткізіп тұрған неміс қыстақтарында тінту мен тұтқындау жүзеге асырылуда. Успен кеніші аумағында жалған хан атанған Хан Кева іздестірілуде. Атбасар аумағында, Терісаққанда қазақтар бөлініп кетті, бір бөлігі қарсылық көрсетуге, қалған бөлігі Шу өзенінің арғы бетіне шегінуге бел буды, оған қоса Атбасар аумағының қазақтарына Торғай облысының қазақтары қосылды. Көң өзенінің бойында алдыңғы полиция отрядының телеграммасында айтылғандай, бірінші атудан кейін тарап кеткен қазақтар тобы болған, олардың бір бөлігі Оңтүстікке қарай қашты. 23 тамызда Көң өзені бойына барлауға жіберілген казак разъезі Қорғалжын көліне жетпей қазақ қарақшыларының қоршауына түсті, дүркін-дүркін атыстан кейін қазақтар жан-жаққа тым-тырақай қашты. Оңтүстікке қарай 50 шақырымыдай жерде Бармалыда 10 мыңдай қарулы қазақ жиыны орналасқан. Талаптар қоюға казактар взводын басқарған жасауылды жөнелттім. 22 тамызда Қорғалжын көліне жіберілген отряд Құланөтпес өзеніндегі Бармалыны алды. Қазақтар мүліктерін тастап, Оңтүстікке қарай шегінуде. 1 қыркүйек Әскери министрден 10-31 тамыз № 2385 Қорғалжыннан Оңтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде, Сұлу көлінің маңында 10000 қазақ жиналған, казак разъезі өзін қоршаған қазақтармен қақтығысып қалды, бірақ атып жібергеннен кейін тарап кетті. 31 тамыздағы нөмірсіз телеграмма губернатор Масальскиден, Қорғалжын болыстары қазақтарының тобы таратылып, бір бөлігі Сарысуға қашуда, енді бір бөлігі қыстақтарға қоныстануда. Тұтқындаулар жүргізілуде. Ақмола және Атбасар уездерінің бөліктерінде бағынатындарын білдіруде. Қарқаралы уезіне көршілес жерде қазақтардың жиындары бар.

 

Ф. 102 4 д-во, оп. 126, 1916 ж.

Д. 130 ч. 9 Л. 99 ГАРФ, Ф. 102. 4 Д-во, 1916 г.

Ф. 2300           к. 10

Оп. 8 Д. 130 ч. 1 т. 2-130 т. 1

Д. 19 1099 кадров

 

Телеграмма Омбыдан Омбы әскери округі Штабы Бастығының міндетін атқарушысынан Бас Штаб Бастығының атына 24 қыркүйек 1916 жыл № 21841

 

Ақмола отрядының 14 қыркүйекте Жақсыкөң өзенінен 35 шақырымдай жердегі Шұбаркөл көлінде қимылдарын жалғастырып жатқандығын, 21 қыркүйектегі 27498 нөмірмен хабарланғандай Атбасар қазақ ауылдарын қуып жеткенін, қазақтардың 4 ақсақалының тұтқындалғанын, екі болыс қазақтарының ары қарай Оңтүстікке шегіне алмай, Солтүстікке бұрылып кеткендігін хабарлаймын. Өзге болыстардан өз болыстары ауылдарының бұрынғы бандалардан әдеттегі көшуге бөлініп кеткендігін мәлімдеген 3 болыс басқарушылары келді, болыстық басқарушылар тұтқынға алынды. 17 қыркүйекте Шұбаркөл көлі аумағында отрядқа өз басқарушылары ұстап берген, бұрыннан іздестіріліп жүрген, жасауыл Иванюшкиннің өліміне кінәлі екі адам тұтқынға алынды. Өздерінің қыстақтарына қайтып келуге мәжбүр болған қазақтар бой ұсына бастады, 19 қыркүйекте отрядқа талап етілген киіз үйлерді, малдар мен жылқыларды жеткізіп берді. Ақмола отряды Ақмоладан 300-ден астам шақырымға ұзап кеткеніне қарамастан, олардың қаламен байланысы тиісті жерлерде тұрғызылған посттар арқылы қамтамасыз етілді. Өзге аудандарда еш өзгеріс жоқ.

 

Қол қойған: Барон Таубе