Тіркелу   Забыли пароль?


2013/1. 68-72 б. Ильясов Е.Е. «Патша үкіметінің Ақмола өлкесінде жүргізген қоныстандыру саясаты (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы)». «Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары» журналы.




ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ АҚМОЛА ӨЛКЕСІНДЕ ЖҮРГІЗГЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ - XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)

 

 

Ермек Ильясов

Археография және деректану ұлттық орталығы Деректану және әдістемелік зерттеу зертханасының археографы

 

XIX ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі қазақ жерін толық жаулап алудың, өз меншігіне қосудың шырқау шегіне жетті. 1868 жылы 21 қазанда қабылданған заңның 210 бабында «Земли, занимаемые киргизскими кочевьями, признаются государственными и предоставляются в общественное пользование киргизов»1 делінген. Бұл заңның мазмұнына үңілсек, қазақ халқының өзінің тәуелсіз ел ретіндегі жерінен айырылғанын көру қиын емес. Бірақ осы заңның қабылдануына дейін мұрағаттық құжаттардан белгілі болғандай, қазақ халқының тәуелсіз ел жөніндегі 1868 жылы маусымда Батыс Сібір генерал-губернаторы А. Хрущевтің Ұлы мәртебеліге жазған Сібір қазақтары облысының Ақмола округтік қаласының статистикалық сипаттамасында: «В средине настоящего города, первоначально заложено укрепление с небольшим заселением, причиною тому послужили не однократные просьбы киргиз (тогда независимых), о прекращении между нами грабежей и для наблюдения задействиями хищников, нападавших на окрестные кочевки, проходящие караваны из независимого Туркестана, с нами пограничные места и на обратно идущие из владений русских, а также на Сибирских торговцев, производящих смену товаров между туземцами»2 сияқты сөздердің құжат беттерінде кездесуі қазақтардың тәуелсіз халық ретінде өмір сүргендігіне дәлел бола алады.

Патша үкіметі қазақ жерін әскери жаулап алу кезеңін аяқтап, қазақ халқын қанау саясатына көшкен кез болатын. Ресей империясының қазақ жеріндегі басқарма шенеуніктері қазақ жерін Солтүстік өңірден Ақмола өлкесіне бастаған әскери отарлауынан, тез арада шаруаларды қоныстандыру саясатына өту қажеттігі мазасызданған жағдайлардың туындағанын ашып көрсетеді. Ақмола өлкесінде қоныстанған әскери казактар туралы В.Остафьев еңбегінде былай дейді: «В 1875 году Войсковой Наказный Атаман, Генерал-Адъютант Н.Г.Казнаков во Всеподданнейшем отчете, представленном по званию Генерал-Губернатора Западной Сибири, между прочим доносить: Положение степных областей требует особенного внимания. Со времени принятия киргизами русского подданства, успехи, сделанные ими в гражданственности, ничтожны. Попытки перехода к земледелию остались почти только те, которыя были введены Китайским правительством. Между тем, доколе киргизы будут одиноко совершать в пустынных пространствах степей огромныя орбиты своих кочевок, вдали от русского населения, они останутся верноподдаными лишь по названию и будут числиться русскими только по переписям. Сопредельные с ними по линии казаки, по малочисленности своей, не принесли делу пользы, но сами научились поголовну киргизскому наречию и переняли некоторыя, впрочем безвредныя, привычки кочевого народа»3. Байқап отырсақ, орыстардың қазақтарды отарлаймыз деп жүріп, өздерінің әскери казактарының қазақтың мәдениетіне қалай отарланып жатқандығы жергілікті патшаның шенеунік азаматтарына үрей туғызды, әскери казактардың саны аз, іске жарамсыз кемшіліктерін де тізе бастағанын көреміз.

Осы мәселеге қатысты Батыс Сібір генерал-губернаторы Казнаков туралы В.Остафьев кітабында: «Генерал-Губернатор Казнаков, сознавая вполне, что казачии элемент в деле колонизации не имеет никакого культурного влияния, в том-же году во Всеподданейшем отчете поднял вопрос о необходимости заселения степных областей русскими переселенцами-крестьянами, при чем писал: «что осторожное без стеснения кочевого населения водворение внутри степей оседлого населения, частое общение русского населения с киргизами и наглядный пример более удобной жизни представляють уровен благосостояния полудикого народа», -дейді4 . Батыс Сібір генерал-губернаторының патша үкіметіне берген есебінен қазақ даласын толық тиімді отарлауда шаруаларды қоныстандыру арқылы отырықшы мәдениетінің элементтерін таратып қана қоймай, қазақ халқын орыстармен ассимиляциялау туралы астарлы ойын байқауға болады.

Ресей мемлекеті отарлау саясатында жаулап алған халықтардың жерін тиімді, әрі шығынсыз тартып алуда тарихи ата-мекенінде өмір сүріп жатқан халықтарды жерінен, жерін халықтан босатуға, өзінің метрополияларына өзге де халықтарды қоныстандыру арқылы ассимиляциялау саясатын жүргізді, олармен бірге еуропалық мәдениеттің таралатынын ескерді. Бірақ шетелден қазақ жеріне көшіп келген қандай ұлт болмасын, жергілікті қазақ халқының мәдениетін қабылдаған еді. Мысалы, Ақмола жеріне қоныстанған эстондықтардың өмірінен сыр шертетін фотодеректер осыны мегзейді.

 

 

Изображение

 

Пахно Николай ветеринар үй құрылысына самандар жасап жатыр 1912 ж.5

 

 

Сонымен қатар қазақ жеріне қоныстанған шаруалардың мәдениеті қазақ халқының мәдениетімен байланысқа түскенін дәлелдейтін, үй құрылысының негізгі материалдарын жергілікті табиғи технологияны пайдаланып, үйлерді саманнан салған фотодеректер сақталған.

15

Ақмола облысындағы Благодат поселкесінің көшесіндегі саман үйлер6

 

Ал енді Ақмола облысына шаруалардың қоныстанған ресми тарихи кезеңін анықтайтын материалдарды қарастырайық: «Фактическое заселение Акмолинской области крестьянами-переселенцами началось с 1878 года. Всех участков было образовано 30, участки были нарезаны для водворения от 40 до 110 душ муж. пола с наделом 30 дес. на муж. душу. Всего было занято сначала 19 участков: 11 в Кокчетавском уезде и 7 в Атбасарском с водворением 900 душ муж. пола, 4000 об. пола»7. Ақмола өлкесіне шаруалардың қоныстануы 1878 жылы басталса, әскери казактарды отарлаудың аяқталу уақытын да сол деп белгілеуге болады. Сонымен Ақмола жеріне қоныстанатын 1 адамға 30 десятинадан болса, 4000 адамға 120000 десятина жер керек болған.

1889 жылы 13 шілдеде Ұлы мәртебелінің мемлекет кеңесінің пікірін бекіткен патша үкіметінің шаруаларға еркін түрде қазыналық жер саналатын Ақмола өлкесіне қоныстануға құқық беретін заңы қабылданды (Жинақ. Заң. 1889 ж. 26 қыркүйек, 891 б.)8.

Ресей Мемлекеттік тарихи мұрағатындағы құжаттар 1885-1893 жылдардың аралығында бір ғана Ақмола облысында қазақтардан 251779 десятина жер алынып, онда 24 қоныс аударушылар деревнясының (10940 ер адам) құрылғандығы туралы мәлімет береді9.

1895 жылы Ақмола өлкесінде 30544 ер және әйел адамдар есептелген, ал 68 жылға дейін бұл облыста казактарды қоспағанда бірде-бір шаруалар селосы кездеспейтін10.

Ақмола облысында қалалық емес отырықшы халық ресми статистикада 1897 жылы ер және әйел адамдар 200 мың, негізгі үш топтан тұрған: өлкені алғаш әскери отарлаған казактар - ер және әйел адамдар 77 мың, қоныстанған шаруалар ер және әйел адамдар 110 мың, отырықшы қазақтар 6 мың (қалғандары әлеуметтік таптың басқа бөлігіне жататындар – діндегілер, көпестер, мещандар, және т.б.), казактардың поселкелерінде, шаруалардың селоларында да солай өмір сүріп жатты11. Ресей империясы қазақтың жері мен халқын отарлаудың тиімді жақтарына ерекше көңіл бөлгенін бір ғана қоныстандырудың әлеуметтік жіктелісінен аңғаруға болады. Олар әскери отарлаушылар-казактар, қазақтарды орыстандыратын компонент-шаруалар, рухани дінді таратушы-миссионерлер, қазақтың байлығын қолға түсіріп тасушы- көпестер – барлығы да қазақ халқын отарлағандар болды.

Отарлау саясаты қарқынды жүргізіле бастаған 1875 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына аса жауапты істерді орындау үшін ақ патша ең сенімді шенеунігі Н.Балкашинді жіберді. Ол 1878-1880 жылдары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын аралап, орыстарды қоныстандырудың барлық бағыт-бағдарын айқындап шықты12.

Қорытындылай келе, патша үкіметінің Ақмола өлкесінде жүргізген қоныстандыру саясатын, әскери казактардан өз алдына бөлек шаруаларға жер телімдерін ресми бөліп беруден басталатын тарихын деректерге сүйеніп 1878 жылдан бастау керек.

 

_____________

 

1 Материалы по введению русской политической системы управления в Казахстане. /Сост.: С.К.Жакыпбек, А.А. Бельбаева. -Алматы: Қазақ университеті 1999. С. 176.

Назарбаев орталығы көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіндегі мұражайдың фотодеректер бөліміндегі әдебиеттер және мұрағат деректері НВФ КП21 16950 – 16951.

Остафьев В. Колонизация степных областей в связи с вопросом о кочевом хозяйстве. Омск, 1895. С. 7.

Остафьев В. Колонизация степных ...8 б.

Назарбаев орталығы... ЦОМ НВФ/2143/2

Көкшетаудың тарихи-өлкетану мұражайының құжаттар қоры. Өлкетанушы С.Я.Комраковтың жеке ККМ ГИК 12439-12443 қорындағы сақтаулы өлкенің суреттері.

Остафьев В. Колонизация степных ...12 б.

Назарбаев орталығы... НВФ кп 20 15836

Жиеналина І. Отарлау тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі//Қазақ тарихы. 2006. №3. С. 51.

10 Остафьев В. Колонизация степных ...2 б.

11 Кулижнова М. Начальная школа в Акмолинской области. Омск, 1899. С. 2.

12 Қайратұлы Б. Отарлаудың ойраны// Намыс. 2010. № 1(1) қаңтар-ақпан.