Тіркелу   Забыли пароль?


Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А. Мұрағат құжаттарындағы Ұлытау өңірінің ХІ ғ. тарихи тұлғалары




Мұрағат құжаттарындағы Ұлытау өңірінің ХІХ ғ. тарихи тұлғалары

 

Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А.,

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

 

Қазақ жерінің қасиетті өңіріне баланатын, талай рет тәуелсіздік тұғырына таған болған Ұлытау өңірі. Көшпелі қазақ өмірінде сан ғасырлар бойы Ұлытау саяси орталық, елдің ұйытқысы ретінде санасына сіңіп, күні бүгінге дейін қастерлеп келеді. Еліміздің сан ғасырлық тарихынан да сыр беретін сансыз тарихи жәдігерлерде осы өңірде шоғырланған. Осындай айтулы өңірден қаншама «елім деп еңіреп туған ерлер» туған жеріне қасық қаны қалғанша қызмет қылғаны ел есінде. Әріге бармай-ақ, қазақ еліне сындарлы болған ХІХ ғасырдағы Ұлытау өңірінің саяси тұлғалары осы мақаланың өзегі болып отыр. Ауыз-екі ел арасында аңыз түрінде айтылып жүрген азаматтарға мұрағат деректері арқылы мүмкіндігінше толық-қанды мәлімет беру Ұлытау өңірі тарихының жаңа қырларын ашары сөзсіз.

Саяси қайраткерлер туралы сөз бастамас бұрын ХІХ ғасырдағы Ұлытау өңірінің этносаяси жағдайымен, 1822 ж. қазақ даласында хандық билік жойылғаннан кейінгі әкімшілік жүйесіне тоқталып өту аталмыш тақырыптың ашыла түсуіне септігін тигізері сөзсіз.

Ұлытау өңірінің негізінен мекендеуші Найман ішіндегі Бағаналы рулары, Ұлытау тауларынан солтүстікке Теңіз көліне қарай Арғын ішінде Сүйіндікке жататын Жәдігер, Қозған, Қақсал рулары.[i] Мұрағат деректеріне сүйенсек, Найман-бағаналының басты-басты рулары, шаңырақ саны көші-қоны келесідей:

 

Облыстық Басқарамаға қарайтын 4 Округтегі Сібір қазақтарының басты тайпалары мен руларының атауы олардың жазғы және қысқы көші-қон жерлерінің

Жалпы ведомосты[ii]

Тайпалар мен рулардың атауы

Киіз үй саны

Көштерінің және жерлерінің атауы

жазғы

қысқы

1.

Атбасар Округінде

Найман-бағаналы тайпалары

Басты рулары

 Қарабала

 

Ебеске

Қожас

 

Актас

Сеит

 

Жырық

Конем

Байназар

 

 

 

732

 

510

 

 

540

 

 

 

469

 

 

 

Салқынкөл, Қалмақкөл көлдері бойынша, Қайрақты өзені бойынша, Белағаш сайы,  Қызылсу және Бекшентай өзендері

 

 

 

Сарыкеңгір, Қара кеңгір, Жыланды, Сарысу өзендері бойынша, Ақмая және Керегетам шоқылары,  Қараой сайы, Жезді кеңгір, Қумола Дүсенбай, Білеуті өзендері, Шығырлы Белайғырлы өзендері, Шақабай, Тұзкөл,  Ұлытау тауларында, Жетіқоңырда

 

Ұлытау өңірінің қазақтары Ресей бодандығын ең соңғы болып қабылдағандар ішінде. ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Кенесары көтерлісіне қатысып, бағынбай келді.[iii] Тіпті 1841 жылы Ұлытауда «қазақтың үш жүзінің ықпалды билері, сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады».[iv] Тек 1847 жылы Кенесары қаза тапқаннан кейін ғана Бағаналы руларының беті қарап, Қаратаудан, Шу-Сыр бойынан бері серпіле көшіп, осы уақытқа дейін құрылған Көкшетау, Құсмұрын сыртқы округтік приказдарының құрамына қосылуға тілек білдіре бастайды. Осы үрдістің аясында 4 Бағаналы болысы құрылады. Олар төмендегідей:

1. Қоқан Жырық Байназар болысы;

2. Ақтаз Бадана Сеит болысы;

3. Қарабала Төртқара Сарғалдақ болысы;

4. Қызылтас Ебескі Жұртшы болысы.[v]

1859 жылы бұл болыстықтар жаңадан құрылған Атбасар сыртқы округтік приказының құрамына беріледі. 1865 жылғы Атбасар приказындағы бағаналы болыстарының құрамы, болыс басқарушылары, жазғы және қысқы көші-қондары мен халқының саны келесідей екен:

 

1865 жылғы Атбасар приказындағы қазақтардың жазғы және қысқы көші-қондарының шаңырақ және халық санының жазба

КІТАБЫ[vi]

Болыс атаулары мен олардың басқарушылары

 

 

 

Ауылдар

Киіз үй

Ер адамдар

Әйелдер

Қысқы және жазғы көші-қондары қай жерде

3

Қоқан Жырық Байназар болысы

Болыс басқарушысы Байұлы Сандыбаев бағынышты қазақтарымен және старшындарымен

 

 

 

 

5

 

 

 

 

481

 

 

 

 

1115

 

 

 

 

1144

Қысқы тұрақтары Қаракеңгір, Қоңыр, Сарысу, Тамды, Карабауыр сайларында; жазғы жайлаулары Қызылсу, Қоңырсу сайларында, Сасықкөл көлінде

4

Ақтас Бадана Сеит болысы

Болыс басқарушысы бағынышты қазақтарымен және ауыл старшындарымен

 

 

 

4

 

 

 

550

 

 

 

977

 

 

 

1213

Қысқы көштері Шығырлы өзенінде, Басайгырлы, Шоқабай, Тұзкөл, Кішітауда; жазғы жайлаулары Бекшентайда

5

Қарабала Төртқара Сарғалдақ болысы

Болыс басқарушысы Айранбай Құлшықов  бағынышты қазақтарымен және ауыл старшындарымен

 

 

 

 

8

 

 

 

 

825

 

 

 

 

1676

 

 

 

 

1719

Қысқы тұрақтары Сарыкеңгір, Жыланды, Қаракеңгір, Сарысу, Ақмая, Керегетас және Қаройда; жазғы жайлаулары Қаймақкөл, Салқынкөл, Қайрақты, Бізағаш өзендерінде

6

Қызылтас Ебескі Жұртшы болысы

Болыс басқарушысы Мыңжасар Жанабаев бағынышты қазақтарымен және ауыл старшындарымен

 

 

 

 

5

 

 

 

 

516

 

 

 

 

1224

 

 

 

 

1284

Қысқы көштері Кеңгір, Қумола, Дүйсенбай, Білеуті және екі Жездіде; жазғы жайлаулары Қызылсу, Қоңырсу, Қалмақкөл және Салқынкөлде

 Кейіннен Сібір қазақтарын басқарудың жаңа тәртібі орнап, Ақмола облысы құрылғанда Атбасар уезді болып өзгереді. Бұрынғы ру атымен аталатын болыстар ендігі кезекте жер атымен аталатын болып, 4 бағаналы болысынан 5 болыс жасалады:

1. Төртқара Сарғалдақ рулары – 5 ауыл 1162 шаңырақтан тұратын Ұлытау болысын;

2. Қызылтас Қоқан Байназар рулары – 5 ауыл 1117 шаңырақтан тұратын Кеңгір болысын;

3. Қызылтас Ебескі Жұртшы рулары – 5 ауыл 912 шаңырақтан тұратын Жезді болысын;

4. Ақтаз Бадана Сеит рулары – 4 ауыл 782 шаңырақтан Айнакөл болысын;

5. Қарабала руы – 6 ауыл 1686 шаңырақтан тұратын Сарысу болысын құрайды.[vii]

ХІХ ғасырдың соңына қарай, нақтырақ 1896 жылғы санақ бойынша Атбасар уездіндегі болыстықтар саны мен ондағы ауылдар көбейе түсіп, ондағы бағаналы руларының болыстықтары 8-ге жетеді:

Атбасар уезіндегі қырғыз болыстықтарының

әрқайсысындағы шаңырақ саны көрсетілген

ТІЗІМІ[viii]

Болыстық атаулары

Ауыл саны

Шаңырақ саны

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

 

Атбасар

Терісаққан

Қызылкөл

Ұлытау

Айнакөл

Кеңгір

Құмқоңыр

Сарысу

Жезді

Теңіз

Кеңтүбек

Жарғайың

                                    Барлығы:

9

4

4

5

3

5

5

6

5

8

5

3

62

1995

744

872

1242

543

1226

982

1072

980

1888

1177

974

13695

Осындай саяси-әкімшілік жүйе аясында қызмет атқарған, бағаналы руларынан шыққан көрнекті саяси тұлғалар күні бүгінге дейін ел есінде, бастарына сәулетті мазар-күмбездер тұрғызылып, халқы ардақ тұтады. Солардың ішінде төменде есімдері кеңінен танымал қайраткерлерге мұрағат деректері арқылы мағлұмат беруге мүмкіндік туып отыр. Негізінен ол мұрағат деректері келесідей: 1) әкімшілік қызметтегі адамдарға толтырылатын арнайы формулярлық тізімдер; 2) әртүрлі жоғары әкімшілік тарапынан берілген марапаттар; 3) әрбір үш жыл сайын салық салу үшін жүргізілетін санақтардағы мал-жан саны.

1. Айранбай Құлшықов. Би Айранбай Құлшықұлы 1803 жылы дүниеге келген, себебі 1859 жылғы формулярлық тізімде 56 жаста деп көрсетілген. 1856 жылы 3 тамызда халықтың таңдауымен Қарбала Төртқара Сарғалдақ болыстығына басқарушы етіп тағайындалған. Әйелі, балалары бар.[ix] Атбасар округінің ашылуымен өз болысымен соның құрамына қосылған. 1865 жылғы Атбасар округінің жоғарғы әкімшілігінен сыйлық алған қазақтардың тізімінде 3-ші болып көрсетіліп, күміс медалімен және грамотамен марапатталғаны айтылған.[x] 1859 жылғы Көкшетау округіндегі 4 бағаналы болыстарында 1858-1861 жж. аралығындағы үшжылдыққа салық жинау мақсатында Округтік приказдың заседателі Безверхов жүргізген санақ бойынша Қарабала Төртқара Сарғалдақ боысының басқарушысы Айранбай Құлшықұлында 76 жылқы, 280 қой-ешкі бар деп көрсетілген.[xi] Осы санақ бойынша Айранбайдың әкесі Құлшық Исалинде 77 жылқы, 1 сиыр, 160 қой-ешкі; аға-інілері Сәбек Құлшықовта 121 жылқы, 389 қой-ешкі; Түбек Құлшықовта 88 жылқы, 340 қой-ешкі; Түлекпай Құлшықовта 36 жылқы, 105 қой ешкі; Айранбайдың баласы Тулақ Айранбаевта 11 жылқы, 61 қой-ешкі; Айранбайдың әкесі Құлшықтың не ағасы, не інісі Әжібай Исалинде 111 жылқы, 6 сиыр, 189 қой-ешкі; оның баласы Байсамақ Әжібаевта 99 жылқы, 300 қой-ешкі бар екен.[xii]

2. Бабыр Бөкеншин. Би Бабыр Бөкеншіұлы 1782 жылы дүниеге келген, 1856 жылғы формулярлық тізімде 74 жаста деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қызылтас Ебескі Жұртшы болысына халық таңдауымен 1840 жылы 4 желтоқсанда басқарушы етіп тағайындалған. Екі әйелі бар, балалары және олардың 1856 жылы жастары келесідей: Күйес 46 жаста, Қайдар 41 жаста, Шолақ 36 жаста, Ақтұмбай 28 жаста, Токсеит 17 жаста, Бәйсеит 11 жаста, Баймағанбет 9 жаста, Еронт 5 жаста, Мажит 4 жаста, Қожамсеит 2 жаста, қыздары Өлмес 17-де, Бәтима 13-те.[xiii] 1840 жылы 4 желтоқсанда Корпус командирі тарапынан 1-ші дәрежелі галундармен көмкерілген 2 шекпен сыйға тапсырылған.[xiv] 1854 жылы Сібір қазақтарының Облыстық басқармасының атынан генерал-майор Фон-Фридрихс тарапынан ұсынылып, генерал-лейтенант Яковлев Бағаналы болысы, би Бабыр Бөкеншинге құрмет шекпенін табыс еткен.[xv] 1856 жылы 14 қаңтарда Сібір қазақтары облысының Әскери губернаторы тарапынан алғыс жарияланған.[xvi] 1883 жылғы Атбасар уездінің болыс басқарушылары, билері және ауыл старшындарының тізімінде Жезді болысының басқарушысы Тоқсеит Бабыров деп көрсетілген.[xvii] Бұл 1856 жылы 17 жаста болған Бабырдың баласы, сонда 1839 жылы дүниеге келген Тоқсеит, 1883 жылы 44 жаста болу керек. 1897 жылы жинақталған, 1902 жылы жарық көрген Атбасар уездінің материалдары бойынша Жезді болысының ІІ әкімшілік ауылының тізімінде Қопа Бабыр қыстауы ТекежүгіргендеТоқсеит Бабыр қыстауы СарытастаҚожамсеит Бабыр қыстауы СарытастаАқсеит Бабыр қыстауы СарлықтаАққатбай Бабыр қыстауы Бөлекжидеде деп көрсетілген.[xviii]

3. Байұлы Сандыбаев. Би Байұлы Сандыбаев 1859 жылғы формулярлық тізімде 40 жаста, сонда 1819 жылы туғаны анық болып отыр. 1853 жылы 4 шілдеде халықтың таңдауымен Қоқан Жырық Байназар болысына басқарушы болып тағайындалған. Әйелі, балалары бар. Жылына 42 сом 52 тиын күміспен жалақы алады екен.[xix] 1865 жылғы формулярлық тізім бойынша әлі де болыс басқарушысы.[xx] Байұлы Сандыбаевқа 1861 жылы 4 сәуірде Станислав лентасындағы күміс медаль сыйға берілген.[xxi] 1859 жылғы санақ бойынша Қызылтас Қоқан Жырық Байназар болысының басқарушысы Байұлы Сандыбаевта 95 жылқы, 169 қой-ешкі барлығы көрсетілген.[xxii] Сонымен қатар, осы санақта оның аға-інілері де берілген (Дүзен мен Ерденге арнайы тоқталатын болғандықтан оларды балаларымен қоспай отырмыз): Шөрте Сандыбаевта 16 жылқы, 56 қой-ешкі; оның баласы Айғожа Шөртинде 10 жылқы, 42 қой-ешкі; Кеңпейіл Сандыбаевта 16 жылқы, 126 қой-ешкі; Берден Сандыбаевта 16 жылқы, 154 қой-ешкі; Дүйсенбай Сандыбаевта 5 жылқы, 60 қой ешкі; Көзұлы Сандыбаевта 7 жылқы, 30 қой-ешкі; Аманбай Сандыбаевта 10 жылқы, 40 қой-ешкі бар.[xxiii] 1897 жылғы Кеңгір болысының V әкімшілік ауылында Қасқабай Байұлы қыстауы  Жартаста, Кеңгірбай Кеңбейіл қыстауы Шоқытөбе; Шөртенің балалары Айғожа мен Белғожаның қыстаулары Байжарылғап және СеректасАққошқар Көзұлы қыстауы Қырған терексай деп көрсетілген.[xxiv]

4. Дүзен Сандыбаев. Қоқан Жырық Байназар болысынан би Дүзен Сандыбайұлы мұрағат дерегі бойынша 1865 жылға ешқандай әкімшілік қызметте болмаған, 1840 жылы Анна лентасындағы медальмен марапатталған.[xxv] 1859 жылы жүргізілген санақ бойынша Дүзен Сандыбаевта 160 жылқы, 195 қой-ешкі, балалары Жанұлы Дүзеневте 55 жылқы, 105 қой-ешкі; Қыстаубай Дүзеневте 27 жылқы, 110 қой-ешкі; Түйебай Дүзеневте 26 жылқы, 80 қой-ешкі; Байсалбай Дүзеневте 8 жылқы, 40 қой-ешкі болған.[xxvi] 1897 жылы жинақталған дерек бойынша Дүзеннің ұрпақтары Кеңгір болысының V әкімшілік ауылында тіркелген: Жанұлының баласы Жылқыайдардың қыстауы Байжарылған үш сарыда, Жылқыайдардың балалары Жүсіп пен Әлібектің қыстаулары ЕшкіқырылғанҚандаролы; Жанұлының тағы бір баласы Еспазардың қыстауы Қызылтұмсықта, ал Жақыпбектің қыстауы Арал көңде; сол жылдары Дүзеннің баласы Қыстаубайдың өзі де тірі, қыстауы Аралтоғайда; оның балалары ОспанҚазанбайМықиИманберлі қыстаулары Жартастұмсық, Обалы құдық, Сарықуыс, Қамыс бұлақ; Түйебайдың бір баласы Дос қыстауы Былқылдақ түбекте; Байсалбай баласы Сейітжаппар қыстауы Жартоғай қызыл жалды деп көрсетілген.[xxvii]

5. Ерден Сандыбаев. Ұлытау өңірінің жалпақ қазаққа есімі кеңінен танымал адамы Ерден Сандыбайұлы екені даусыз. 1865 жылғы Атбасар округінің марапаттау алғанадарының тізімінде хорунжий Аққошқар Кішкентаев, хорунжий Жантөре Жанаев көрсетілген де, ал хорунжий атағы бар Ерден Сандыбайұлы тізімде жоқ.[xxviii] Ерден Сандыбайұлын батыр деп те атайды. Бұған келесідей дерек бар: 1856 жылы Саржан мен Кенесарының балалары Петропавл керуенін тонайды және Ақмола қазақтарының 15 000 бас алын қуып кетеді. Қуғынға штабс-капитан Соловцов, сұлтан Нұралы Әбілқайыров және батыр Ерден Сандыбаев бастаған отряд жіберіліп, Шу өзенінде олар Ахмет Кенесарин бастаған қоқан отрядының шабуылына ұшырайды, Соловцов қаза болады.[xxix]  Бұл оның осы жылға дейін қайтыс болғанын көрсетсе керек, мұғдары 1859 жылмен 1865 жылдың аралығы. 1859 жылғы санақ бойынша Қызылтас Қоқан Жырық Байназар болысындағы хорунжий Ерден Сандыбаевта 91 жылқы, 165 қой-ешкі бар деп көрсетілген.[xxx] Оның балалары да осы тізімде: Байменді Ерденевте 19 жылқы, 90 қой-ешкі; Бименді Ерденевте 16 жылқы, 72 қой-ешкі.[xxxi] 1883 жылғы Атбасар уездінің болыс басқарушылары, билері мен ауыл старшындарының тізімінде Бименді Ерденев Кеңгір болысының басқарушысы деп көрсетілген, оның кандидаты Оразалы Берденев.[xxxii] Бұл Берден Сандыбаұлының баласы болса керек. 1897 жылғы дерек бойынша Кеңгір болысының V әкімшілік ауылының тізімінде Жақып Ерден қыстауы Қара-кеңгір, 125 жылқысы, 90 сиыры, 116 түйесі, 693 қойы бар; Жүкей Бименді қыстауы Көкөлең, 86 жылқысы, 21 сиыры, 61 түйесі, 384 қойы бар деп көрсетілген.[xxxiii]

6. Рысай Жаншуақов. Ебескі Жұртшы болысынан Рысай Жаншуақұлы 1865 жылғы формулярлық тізімде 36 жаста деп көрсетілген, демек 1829 жылы дүниеге келген. Халық таңдауымен және Сібір қазақтары облысының Әскери губернаторының №34 бұйрығы бойынша 1861 жылы 27 қыркүйекте Атбасар Округтік Приказына заседатель ретінде қызметке тұрған. Осы қызметке 1863 жылдан кейінгі екі жылдыққа бекітілген. Жылына 58 сом жалақы алады. Екі әйелі, балалары бар.[xxxiv] 1864 жылы 13 қыркүйекте қызметтегі жетістігі үшін қазақ заседателі би Рысай Жаншуақов Станислав лентасындағы күміс медальмен марапатталған.[xxxv] 1897 жылы Рысай Жаншуақұлының көзі тірі – 68 жаста, Жезді болысының І әкімшілік ауылының тізімінде, қыстауы Қызылжарда, 20 жылқысы, 5 сиыры, 14 түйесі, 77 қойы бар деп көрсетілген.[xxxvi] Баласы Әлжан Рысайұлы да сол тізімде, қыстауы Ақши (Жанай-адыр), 9 жылқысы, 1 сиыры, 6 түйесі, 51 қойы бар.[xxxvii]

7. Уәйіс Байжанов. Би Уәйіс Байжанұлы 1856 жылы 70 жаста екен, сонда 1786 жылы туған. Халық таңдауы бойынша 1840 жылы 4 желтоқсанда Ақтаз Бадана Сеит болысына басқарушы етіп тағайындалған. Екі әйелі бар Ұлболсын және Тәттіжан, одан туған балалары 1856 жылы Шауыпкел 34 жаста, Тілеуберді 29 жаста, Ақылбек 28 жаста, Мақұл 22 жаста, Маңдай 20 жаста, қызы Зебралы 14 жаста.[xxxviii] 1840 жылы Корпус командирі галунмен көмкерілген шекпенмен марапаттаған.[xxxix] 1856 жылы 14 қаңтарда Сібір қазақтары Облысының Әскери Губернаторы алғыс жариялаған.[xl]

«Ұлттың ұясына» баланатын Ұлытау өңірінің осындай іргелі саяси тұлғалары туралы азды-көпті мәліметтер топтамасынан болашақта өңір тарихының тарихына арналған сүбелі туындылардың бастамасына айналар деген үміттеміз. Жоғарыда берілген материалдар әлі де толықтыруларды қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, Ұлытау өңірінің шыққан саяси тұлғалар тек жоғарыда келтірілген тізіммен шектелмейді, керсінше бұл үлкен лектің алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[i] Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию Степных областей. Акмолинская область. 2. Атбасарский уезд. Том ІІ-й. Воронеж, 1902. бет ІІ (Әрі қарай қысқаша Материалы деп беріледі)

[ii] Ведомость племен, родов, летних и зимних кочевок казахов областного ведомства (29 марта 1862 – 12 июня 1863) // ҚР ОММ. қ.345.т.1. іс.766  19 п.

[iii] Материалы, бет ІІ

[iv] Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: Атамұра, 2002. – 768 б. бет 347

[v] Книга записей летних и зимних кочевок казахов с указанием количества кибиток и населения на 1865 год Атбасарского приказа // ҚР ОММ. қ.388. т.1. іс.6. 3қп. – 4п.

[vi] Сонда, 3қп. – 4п.

[vii] Ведомость о числе киргизских волостей, аулов и кибиток Акмолинской области (на трехлетие 1887-89 гг.) // Памятная книжка Акмолинской области на 1887 год. Омск: Тип.Акм.Обл. Прав., 1887.

[viii] Списки киргизских волостей Степного генерал-губернаторства с указанием количества кибиток в каждой волости и аулов // ҚР ОММ. қ.64. т.1. іс.774. 5 п.

[ix] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.722. 3қп. – 4п.

[x] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915 2қп.

[xi] Исчисление казахского населения и принадлежащего им скота по Баганалинским волостям Кокчетавского округа для облажения ясаком // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.2147. 1қп.-2п.

[xii] Сонда, 1қп.-3п.

[xiii] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.611. 62қп.-63п.

[xiv] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915. 2қп.

[xv] Список казахов награжденных за «усердную» службу // ҚР ОММ. қ. т.1. іс 1679. 3-3қп.

[xvi] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.611. 62қп.-63п.

[xvii] Ведомости о волостях с показанием числа кибиток и с поименованием должностных лиц в Степных областях // ҚР ОММ. қ.64. т.1. іс.2774. 44қп.

[xviii] Материалы, б.90

[xix] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.722. 2қп.-3п.

[xx] Формулярные списки чиновников, служащих и волостных управителей Атбасарского Окружного Приказа за 1865 г. // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.1633. 77қп.

[xxi] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915. 2қп.

[xxii] Исчисление казахского населения и принадлежащего им скота по Баганалинским волостям Кокчетавского округа для облажения ясаком // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.2147. 65қп.-66п.

[xxiii] Сонда, 68қп.-72п.

[xxiv] Материалы, б.126, 130

[xxv] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915 3п.

[xxvi] Исчисление казахского населения и принадлежащего им скота по Баганалинским волостям Кокчетавского округа для облажения ясаком // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.2147. 68қп.-69п., 73қп.-74п.

[xxvii] Материалы, б.126-128

[xxviii] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915 2п-2қп.

[xxix] Памятная книжка Акмолинской области на 1913 год. Омск, 1913. – 462 с. б.270-271

[xxx] Исчисление казахского населения и принадлежащего им скота по Баганалинским волостям Кокчетавского округа для облажения ясаком // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.2147. 65қп.-66п.

[xxxi] Сонда, 65қп.-66п.

[xxxii] Ведомости о волостях с показанием числа кибиток и с поименованием должностных лиц в Степных областях // ҚР ОММ. қ.64. т.1. іс.2774. 44қп.

[xxxiii] Материалы, б.126

[xxxiv] Формулярные списки чиновников, служащих и волостных управителей Атбасарского Окружного Приказа за 1865 г. // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.1633. 21қп.

[xxxv] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915. 4п.

[xxxvi] Материалы, б.86-88

[xxxvii] Материалы, б.82-84

[xxxviii] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.611. 50қп.-51п.

[xxxix] Именной список награжденных заседателей, волостных управителей и биев Атбасарского округа // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.915. 3п.

[xl] Формулярные списки волостных управителей Внешних Окружных Приказов // ҚР ОММ. қ.345. т.1. іс.611. 50қп.-51п.