Тіркелу   Забыли пароль?


Пайдаланушыларға арналған нұсқаулық




Археография және деректану ұлттық орталығында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетел мұрағаттары мен кітапханаларынан анықталған  құжаттардан  тұратын  «Электрондық каталог» автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі жұмыс істейді.

 www.ncai.kz сайтының  жоғарғы бұрышында «Электрондық каталог» атты  таңбаша орналасқан. Таңбашаны басу арқылы оған  қол жеткізуге  болады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/00001.png

 

Қажетті ақпаратты алу үшін тіркелу қажет емес,  каталогқа  кіру еркін, қолжетімді. Экрандағы  Каталог  таңбашасын басу жеткілікті.

                                           data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/01.png

Базадағы жұмыс тілін таңдау үшін каталогтың жоғарғы оң жақ бұрышында Тіл тақтасы орналасқан.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/02.png

Істерді іздеу үшін, Іздеу бөліміне кіру қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/03.png

Іздеу жолына тақырыпты енгізіп Enter басу керек.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/04.png

Табылған  материал тізімінен тиісті құжат таңдалады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/05.png

Каталог бойынша құжаттарды іздеу үшін, Каталог бөлімін таңдау қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/06.png

Экранда елдер тізімі шығады. Қажетті елді таңдау үшін Таңдау белгішесі басылады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/07.png

Елді таңдаған соң  экраннан  мұрағаттар тізімі шығады. Бұдан кейін өз таңдауын  жүзеге асыру үшін Таңдау белгішесі басылады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/08.png

Мұрағатта Қорлар сақталады. Таңдау белгішесін басқан соң тізімдемелерге жол ашылады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/09.png

Тізімдемелер бөлімінде өз таңдауынды жасау үшін  Таңдау  белгішесін басу қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/010.png

Істер тізімдемелерде сақталады. Оған  Таңдау  белгішесін  басу арқылы қол жеткізуге болады. 

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/011.png

Істі  таңдау кезінде автоматты түрде  Файлдар немесе  Аудио/Видео ашылады.

 Файл – ақпарат тасығыштағы атаулы деректер аумағы.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/012.png

Аудио/Видео – бұл медиа форматта сақталған істер, олардың қатарына әндерді, фильмдерді, жазбаларды, бейнетаспаларды жатқызуға болады. Қазір бұл екі бөлім әзірлеу барысында.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/014.png

Кітаптармен, журналдармен немесе газеттермен жұмыс істеу үшін  Басылымдар  бөлімін таңдау қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/015.png

 Кітаптар тізімін қарау үшін Кітаптар тақтасын басу керек.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/016.png

Кітаптарды жылдам табу үшін іздеу жолына негізгі сөздер енгізілуі тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында кітаптың сақталған елін және тілін таңдауға болады (егер ондай ақпарат бар болса).

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/017.png

Газеттерді немесе журналдар тізбесін  қарау үшін  Газеттер мен журналдар   тақтасын таңдау қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/018.png

Журналдар мен газеттерді іздеуде уақытты үнемдеу үшін, іздеу жолына журнал не газеттен негізгі сөзді енгізу арқылы, болмаса елді немесе тілді көрсету қажет.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/019.png

Қолжазбалар картотекасымен танысу үшін, Ғылыми материалдар бөліміне өту керек. Автоматты түрде Қолжазбалар,  Ғылыми материалдар, мақалалар ашылады.

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/020.png

 

Материалдарды жылдам іздеу үшін іздеу жолына негізгі сөздер енгізіледі.  Уақытты үнемдеу мақсатында материалдың сақталған елі тілі таңдалады (егер ондай ақпарат бар болса).

 

data-cke-saved-src=http://ncai.kz/images/021.png